Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор)
Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор,
Қайратсызға өмірдің бейнеті зор.
Өлмейтін, жазылмайтын сол аурумен
Жалғанда жан болмайды кәріден қор.
Жас баласын әлпештер ата-анасы,
Бәйек болып келгенше бар шамасы.
Сүйткен ұлы ержетіп жігіт болса,
Бұзылар ата-анаға көзқарасы.
Қартайған соң балаға ата жақпас,
Атанады «алжыған бір қу қақпас».
Сүйген жары тілінен сүймек түгіл,
Оның етін менсініп жылан шақпас.
Жар сүймесе, баласы жай білмесе,
Қанды жасы көзінен қайтып ақпас.
Ием деп еркелеген ит болмаса,
Ол сорлы жылы жүзді бір дос таппас.
Әрине, балаң білсе қадіріңді,
Орындап екі айтқызбай әміріңді.
Жасыңнан жаны сырлас жарың болса,
Қылп еткізбей білетін тамырыңды.
Олай болса тілегің табылынды,
Назаланба, бойға жи сабырыңды.
Ол болмаса, өмірден өлім артық,
Өзің қазып дайында қабырыңды
Қайратсызға өмірдің бейнеті зор.
Өлмейтін, жазылмайтын сол аурумен
Жалғанда жан болмайды кәріден қор.
Жас баласын әлпештер ата-анасы,
Бәйек болып келгенше бар шамасы.
Сүйткен ұлы ержетіп жігіт болса,
Бұзылар ата-анаға көзқарасы.
Қартайған соң балаға ата жақпас,
Атанады «алжыған бір қу қақпас».
Сүйген жары тілінен сүймек түгіл,
Оның етін менсініп жылан шақпас.
Жар сүймесе, баласы жай білмесе,
Қанды жасы көзінен қайтып ақпас.
Ием деп еркелеген ит болмаса,
Ол сорлы жылы жүзді бір дос таппас.
Әрине, балаң білсе қадіріңді,
Орындап екі айтқызбай әміріңді.
Жасыңнан жаны сырлас жарың болса,
Қылп еткізбей білетін тамырыңды.
Олай болса тілегің табылынды,
Назаланба, бойға жи сабырыңды.
Ол болмаса, өмірден өлім артық,
Өзің қазып дайында қабырыңды
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шәкәрім құдайбердіұлы Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор