Мұхтар Шаханов (Ғашықтар мұңы)
Ар алдында, адал, ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Ғашықтар мұңы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Ғашықтар мұңы