Мұхтар Шаханов (Сейхундария)
Кірпігіне ел мұңын ұялатқан,
Сен куәсің бәріне, зиялы ақ таң.
Ох, қызарып ақтым мен қаншама рет
Адам қолы тудырған қиянаттан.
(Сейхун жыры)
Сексеуілді дала жатты секем алып үдеріп,
Сүйіктісін күтті жігіт атын отқа жіберіп.
Сүйіктісін күтті жігіт тоңдырса да түнгі ызғар,
Түнгі ызғардан жаурағандай дірілдейді жұлдыздар.
Өмір мынау, сенім, күдік алма-кезек жарысқан,
Егер сенім семсер болса, күдік деген арыстан.
Күдік деген арыстан ғой, қайда барсаң бір егес,
Семсер болса арыстанды жарып тастау түк емес.
Үркер туды, үркерден соң күдістеніп ай туды,
Ақын жігіт сонда ғана есіне алды қайтуды.
Не болды екен Гауһарайға? Күдік тағы күш алды,
Сол күдіктің шылбырына сенім бір сәт тұсалды.
Кенет, жәуміт тыныштықтың иығын басын қаумалай
Ат дүбірі жарды қырды. Бұл әрине, Гауһарай.
Қас қағымда жетіп келді ол, қарагерін тебініп,
Қарагерден қарғып түсіп жылады - ай бір егіліп.
Көп жылады ол өз мұңына жасай алмай иелік,
Көп жылады ол Ақжәмидің иығына сүйеніп.
Ал Ақжәми басу айтты:
Сен қыз едің ұйқылыны қозғалтқан,
Дүйім елдің махаббатын маздатқан.
Және өзің де сол сезімге шөлдеген,
Бірақ оған жол бермеген көлденең.
Есең қайтып көрмеген еш пендеден,
Құралайды көзге ататын мерген ең.
Тек орамал тартқандығың болмаса,
Сөйтіп, салмақ артқандығын болмаса,
Гүлге табын нәзіктігің болмаса,
Анаға тән жазықтығың болмаса.
Содан ба әлде көрінгенің керім боп,
Ерден төмен жерін жоқ.
Ер деуші едім, айнам, неге өзгердің,
Айнам, неге көз жасына сөз бердің?
Гауһарай:
Кешір, жаным, адасқандай айбыным,
Құшағында бір зымыстан қайғының.
Алдымдағы бұлың-бұлың күндердің
Жамалынан мұңымды оқып үлгердім.
Бала кезден құм көсігін суырып,
Қыр арқасын қуырып,
Бір жұтып ек жусан дәмін даланың,
Бір кезіп ек іңкәр өлке танабын.
Шаршы топтан жарып шыққан ақын ең сен ақ алмас,
Лағыл сөзден ешкім, сірә, сендей қамал соға алмас,
Лағыл сөзбен жүрегімді өртеп едің ең алғаш,
Өртеп едің содан менің алауланып аспаным,
Келе-келе өз отыммен өзім лаулай бастадым.
Содан кейін серттестік біз секемсіз,
Қол алысып, қол беріп.
Енді бүгін сертке барар жол берік.
Айдарынан қыраттың
Жанға жайлы шілде желі ескенде,
Ақ шарбы бұлт керуенін кері бұрып көшкенде,
Изен иісі мұрын жарып,
Құм жуасы бұрымданып,
Алабота бойын жазып, сән құрып,
Көбелектер гүл қуалап қаңғырып,
Алагүлік апас-қапас шапқылап.
Қой жатқанда семіз құмның несібесін тартқылап,
Желқобыз бен Жампоздың
Жанарынан шам жанып,
Зәрезап болған жабы да
Жалын тіктеп паңданып,
Пандықпенен қымс еткенді аңғарып,
Айналада қылықты өмір сөз алып,
Аспан бұлттан тазарып,
Қараған кезде көгілжім көзін төңкеріп,
Қызғалдақ далам жатқандай бейне өртеніп,
(Өртеніп деуім еркелік)
Міне, мен, айнам, сол шақта,
Шадыман оймен шат күліп,
Гүлдерден алқа тақтырып,
Мәз етіп ата-анамды,
Анамдай ардақ даламды,
Күй қосып сенің күйіңе,
Шаңырағы шалқақ үйіңе
Келін боп түссем деп едім,
Болмады бірақ дегенім.
Ақжәми:
- Үмітіңді таптаған кім,
Саған қарап оқтаған кім садағын?
Садақ оғын өз кеудеммен қағамын.
Гауһарай:
Дәрменсіздік біздің ортақ сорымыз,
Үзе алмаймыз, бұза алмаймыз оны біз.
Бүгін сонау Сейхун бойын жайлаған
Күллі алапты, бірлік емес, бүйілікпен байлаған,
Қолынан қан ұйыған
Теке сақал Бүйі хан
Мені алам деп сөз салдырды әкеме.
Әне, жаным, оған шамаң жете ме?
Ақжәми:
- Егер ұл боп туғандығым рас болса еңселі,
Бүгін түннен қалдырмаймын, алып қашам мен сені.
Құс қанатын талдырардай мына сайын дала бар,
Талықсыған кезімізде бізге пана бола алар.
Гауһарай:
- Бұл ойыңның, асылым - ау, алды қузар, арты жар,
Құзар шыңнан екеуміздің жайымыз бар тартынар,
Бүйі ханның әкеме айтқан мынадай бір шарты бар:
"Егер қызың менің алтын құзырымнан бас тартса,
Тілегімді жел өтіне тастатса,
Берілмесе еркінше,
Яки менен құтылмақ боп өзін-өзі өлтірсе,
Ант етемін мына ұлы хандығымның атынан
Аямаймын.
Аймағыңның қанын судай сапырам".
Мұны есітіп жігіт үнсіз тұрып қалды тістеніп,
Жамалынан жалын семіп, жігерінен күш кеміп.
Бар үмітін зұлымдықтың бір қияпат мысы аттап,
Сосын ұзақ жылап жатты торғын құмды құшақтап.
Гауһарайдың қоштасардағы айтқаны:
Езуіне бір қуақы сыр бүгіп,
Міркем дүние миығынан тұр күліп.
Сол әжуа
Әбілетті әжуа
Қойды бізді мұңды ғып.
Тұрақ еткен раң гүлдер даланы
Менсіз гүлдеп, енді менсіз солады.
Таң атады
Өзіңмен бір өткізген,
Бұл, әрине, соңғы таңым болады.
Соңғы таңым.
Қоштасамын анаммен,
Анам болған даламмен,
Ертең жылап жүрмеу үшін
Бүгін жылап алам мен.
Таң атады қаумаласып ғаламмен.
Ғаламдай кең даламмен.
Ертең күліп жүрмеу үшін
Бүгін күліп алам мен.
Аңыраған әнім қалды өзіңде
Шуақ болып құйылып тұр сезімге
Ол бар кезде қаумет ізде төзімге.
Амалың не, тасты соқпақ кештің бе,
Амалың не, жанбай жатып өштің бе?
Тек басынды жоғары ұста өлсең де,
Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге.
Арман барда жігер гүлі солмайды
Ал махаббат жүрек отын талғайды.
Бәлкім, мәңгі жолы сәтсіз болуы,
Бірақ оны мүсіркеуге болмайды.
Жол бұралаң, сезім тура, ой тура,
Жол түскен соң болмас және қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Сенім жоқта сыр шегініп, қабарды ой,
Сүю жоқта арман семіп, талар бой.
Аяу керек, аяу керек оларды,
Әне,нағыз бақытсыздар солар ғой.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын мейлі, дінің, түзу, тұрмыс тоқ.
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.
Табу қиын бұған теңдес қайғы да,
Қайран қөңіл қайратыңнан айныма.
Жұртқа салған бейшаралық қамытын
Тағдыр менің сала алмады мойныма.
Мейлі тілім ұғыспасын ғаламмен,
Тек сені аңсап сарғаярмын санаммен.
Мейлі, денем отқа күйсін, өртенсін,
Сені сүйген жүрекпенен қалам мен.
Күші барлар жығар шалып, атып та,
Мұқыл дәурен қорлады деп тотықпа.
Сені ойлаймын, сені ойлаудан танбаймын
Залым ханның көрпесінде жатып та.
Ен даланың ерке тотай елігі ем
Елім сұлу көрінетін менімен.
Енді денем әлдекімнің мазағы,
Бірақ әнім мәңгі бірге сенімен.
Көңілінде көзі барлар байыпты,
Кінәламас қайраңдаған қайықты.
Тағдырымыз қосылмаса, біз емес
Оған біздің заманымыз айыпты.
Заман қайтсін, маңдайында сор қалың,
Арқандады - ау талайлардың арманын.
Жолы сынсын тұлпарды озған есектің,
Қары сынсын сұңқарды озған қарғаның.
Оңазаға озбыр дөкет, берген кім,
Нәуетекке, зәнталаққа сенген кім?
Жолы сынсын бұлбұлды атқан желбастың,
Қолы сынсын аққуды атқан мергеннің.
Ақтық демің таусылғанша құлама,
Құламасын біздер сенген мұнара.
Ең соңғы ауыр қоштасудың сәтінде
Жыламаймын, айнам, сен де жылама.
Қалықтаудан, шарықтаудан талмаған
Сәнің қайда, әнің қайда самғаған.
Ал мен кеттім, бәлкім, мәңгі көрмеспіз
Күліп тұрып, қолың бұлғап қал маған.
Екінші тарау
Қамыңды ойлап, халіңді ойлап жаралы,
Ел мұңынан өз мұңыңды қояр болсаң жоғары.
Перзент болсаң бедері жоқ көк тайғақ,
Тұра алмасаң болат семсер пішінде.
Бөркің ұшсын доптай боп.
Басың кетсін сол бөркіңнің ішінде.
(Бабалар батасы)
I
Қызылқұмның тағы да бір қызыл иек таңы атты,
Тағы да бір бала қыран даңқын көкке таратты.
Сол қыранға толық ашып үлгере алмай сезімін,
Ата қыран биігінен құлап өлді өзінің.
Тағы да бір көл суалып, құмның көзі бозарды,
Бозаң аспан тілін тістеп, бозаң ойлар сөз алды.
Қасіретті куәгер боп әбілетті тасқынға
Үркердей топ ауыл жатты боз төбенің астында.
Үміт кейде боз төбеде жоғалған бір жез ине,
Жігіт отыр сол төбенің маңындағы боз үйде.
Тоқтау бар ма? Күндер де бір құм секілді сырғыма,
Гауһараймен қоштасқалы өтіп қапты-ау бір жұма.
Зымыстандай бір жұма өтті, атын мұңға шалдырып,
Ақжәмидің маңдайына екі сызық қалдырып.
Бұл кездері көптен жеңіс қолға түспей торыққан,
Хан әскері көп олжамен келе жатқан жорықтан.
Шаттық хабар хан көңіліне зор қуаныш құйған-ды,
Сондықтан да екі тойды бір жасауға ұйғарды.
Үш күннен соң той болады. Бітті дей бер әңгіме,
Арманындай Гауһарайдан айрылады ол мәңгіге.
Жо-жоқ, енді тіршілігін істеу керек тірі адам,
Еркек емес, жігіт емес жел ығына құлаған.
Атқа қонды. Ауыл жатыр бәз баяғы көркімен,
Даналықтың нұрыменен, пенделіктің өртімен.
Бәз баяғы аңғалдықпен, бәз баяғы пәктікпен
Әлдекімнен ойы суып, әлденеден бақ күткен.
Оны қойшы, табиғат та тыс қоймапты жазадан,
Бұл ауылдың су азабын тартқанына не заман.
Ерні кепкен шел далада тұрмас еді ел бір күн де,
Бірақ ата мекен жайын қиып кету мүмкін бе?
Кімге тастап көшпекші олар ата-баба мазарын,
Олар кетсе туған жерге кім бұрады назарын?
Жоқ, атама, қимайды жұрт ата - қоныс даланы,
Құмда туды, моласы да құм төсінде қалады.
Сонау Сейхун өзенінен - табиғаттың сыйынан
Жалғыз құлақ су бермеді - ау діннен безген Бүйі хан.
Қаншама рет құдық қазып көрсетсе де ел тегеурін,
Басын шайқап мазақтады, берілмеді бедеу құм.
Қайран ауыл қайтсін енді күйі шабан, үйелең,
Күнде ертемен күндік жерден су тасиды түйемен.
Ақын жігіт атын тежеп ұзақ тұрды соны ойлап,
Ең алғашқы сәуір таңы келе жатты арайлап.
Сапар сәтті болғай - ақ та, үзілмегей таралғы,
Ақын енді Бүйі ханның ауылына жол алды.
Шіркін, сенім ер жігіттің жолдасы ғой қайда да,
Бұл сапарда білек күші асар ма екен пайдаға.
Кім біледі, таба ала ма, таптыра ма жол айла,
Бүйі ханнан кек алуға бел байлады ол қалайда.
Бірақ қанша қамшы басып тездеткенмен ақылды,
Ақыл барып Енжарлықты сырласуға шақырды.
Сөз бастады Енжарлық:
- Ойлаңдаршы, не ұтамыз жанжал ғып,
Кетпеді ме кетер қыз. Жолға шықтық бекер біз.
Қолға түссек торға түскен торғайдай
Зындан торын сығалаумен өтерміз.
Бас аманда, баста құлақ аманда,
Тілді алсаңдар қайту керек табанда!
Ақын тағы тезге салып көріп еді ақылды,
Ақыл барып Өжеттікті сырласуға шақырды.
Енжарлықтың шерткен сырын өзек қып
Шашын жұлып ашуланды Өжеттік:
- Нәуетектің айтқан сөзін қарашы,
Әйгі болды әу жайыңның шамасы.
Сапар ұзақ, бұрылатын жол қайда,
Бұрылғанша өліп кетсек болмай ма?
Ешқайсыңнан мән көрмедім татырға,
Ұқсап өлу керек еді батырға.
Ақыл, сен де кеңес ашып көлгірсіп,
Қысталаңда басты бекер қатырма.
Ол бүйткенше. Қара мұның тыншуын,
Заузатыңнан қауқарың жоқ бір сығым.
Егер Айла бірге жүрсе Ханыңның,
Өзім барып тегістеймін тұмсығын.
Қайда менің Айла досым, Айлашым,
Кеттік, кәне, соңымнан ер, қайдасың?
Ақыл айтты:
- Деміңді бас делеңдеме, бақырма,
Елеңдеме, бұлтты күні соқыр дауыл шақырма.
Өжет бұған құлақ аспай жетіп барды Айлаға,
Жетіп барса Айла сорлы байлаулы екен Ақылға.
- Ой, сұмдық - ай, - деді Өжеттік бар ашуын малданып,
Жол шетіне аунай кетті бетін тырнап долданып.
Ақын тағы тезге салып көріп еді Ақылды,
Ақыл барып Махаббатты сырласуға шақырды.
Кенет маңғаз паң даланың еркін баурап талдырып,
Ту биіктен естілді бір жан тербеген жаңғырық:
- Ғасырлардан ғасырларға жол алған,
Ұшып келген арман атты аралдан
Мен тірліктің ақ құсы едім, аппақ ардан жаралған,
Даңқым алыс таралған.
Көктем гүлін қадасам да шашыма,
Ылғи көктем ерткенім жоқ қасыма.
Қонған жоқпын анау-мынау биікке,
Қонған жоқпын кез келгеннің басына.
Қара түнді көп кешсем де азалы,
Және ешкімнің болған жоқпын мазағы.
Маған жаза тартқызамын дегеннің
Өзі тартты жазаны.
Тағдыр мені салды қанша сотқа да,
Мойығам жоқ, күйген жоқпын отқа да.
Маған арнап оқ атқанның барлығын
Жазып қойды тарих қара тақтаға.
Сескенсе де осы қара тізімнен,
Көп қадалды ала көздер сүзілген.
Тек күншілдік орағытты алдымды,
Тек зұлымдық қалмай қойды ізімнен.
Жадау шақта, аласармай айбыным,
Жүзіп келем іңкәр.дүние айдынын.
Қанатымда самалы бар бақыттың,
Саусағымда жүзігі бар қайғының.
Сұлулықтың сәні болып өрілдім,
Қорқыта алмас ызғары да өлімнің.
Бір көзімде сәулесі бар үміттің,
Бір көзімде шуағы бар сенімнің.
Ашқан жанға жүрегімнің кілті мың,
Кілтсіз менің ашылмады бір күнім.
Көмейімде әуезі бар бұлбұлдың,
Езуімде сыңғыры бар күлкінің.
Ождансыздар сатқанымен халқымды,
Ешкім менің сата алмады даңқымды,
Мазақ етіп күлге теуіп жібердім
Мені сатып алмақ болған алтынды.
Әділдіктің жолын күтіп сарылсам,
Өкінбеймін қайтпады деп қарымсам.
Мен сендерге жалынбаймын құтқар деп,
Мен Махаббат болмас едім жалынсам.
Маңғаз жатқан паң даланы тағы есінен таңдырып,
Әнге ұласып кетті лезде жан тербеген жаңғырық. -
А – а - ау, а – а - ау, а – а - ау,
Ақын тағы тезге салып жұмсап еді Ақылды,
Ақыл кайта Енжарлықты сырласуға шақырды:
Міне ғажап, сорлы Енжарлық жерді тіреп төсімен,
Езуінен көбігі ағып, талып жатыр есінен.
- Біттім, - деді ол есін жиып, - көп мазалай бермеңдер,
Мүмкін болса енді мені осы араға жерлеңдер.
Ақын бұған масайрады.
Тағы жұмсап ақылды
Өжеттікті екінші рет сырласуға шақырды.
Сөйтсе ол барып арқасына мініп апты Намыстың,
Көрдіңдер ме, - деді күліп, - туысыммен таныстым.
Намыс айтты: - Мына қызба маған келіп жабысты,
Бұл бар кезде менің жолым болар ма екен табысты?
Төзім айтты: - Мен тіріде қорықпа да торықпа,
Ылғи сені қорғап жүрем, қолдап жүрем жорықта.
- Жоқ. Төзімді ертпеу керек, - деп Күншілдік күңк етті, -
Асау ойды шабандатып өзін-өзі күлкі етті.
- Төзім мені сан ғасырлар қорғап келді күйіктен, -
Деп Махаббат масаттана дауыстады биіктен.
Ақын ұзақ ойға шомды. Дала жатты керіліп,
Түнгі ұйқыдан көзін ашып, жаңа үмітке беріліп,
Күрсінді ақын. Жаны ерекше болатынды сымбатты.
Сосын туған даласына оймен қарап тіл қатты:
- Қайран ұлы қауметі зор далам - ай,
Қысталаңда бөлісе алар қайғыңды
Ұл туғыздың айбынды.
Ұл туғыздың сымбатымен, сәнімен,
Ұл туғыздың ойы жақұт, жаны кең,
Олар сенің айбындатты даңқыңды
Тіршілікке мәңгі өлмейтін әнімен.
Өтті қанша қиқу салып зеңгір күн
Ерлеріңді ертеңіне сендірдің.
Бірақ кейде өзін туған алтынның,
Даңқын жете жеңдірдің.
Қайран, ұлы сайран далам, Отаным,
Мені есейтіп кетті нұрлы шапағың.
Бірақ кейде бойы мұқыл төбенің,
Биік шыңнан жоғары еттің атағын.
Алуан үрдіс, алуан сідет меңгердің,
Талаптының қанатына жел бердің.
Панасы сен күннен қашқан байғыздың,
Анасы сен еңіреген ерлердің.
Қайда барсаң, қамалау мен алалау,
Қайтем сені, жаны сәуір далам - ау.
Ер туғаның ерлік еді, тек қана
Тез жоғалтып алатының жаман - ау.
Кейде заман тасқын болды, тасқынды
Тоқтата ал май сенің қайғың асқынды.
Тұлпар тудың, жампоз тудың, бұл дұрыс,
Бірақ қайдан ойлап таптың қасқырды?
Бақытты еттің қай көктемді, қай күзді,
Бұлт шегінсе айдарыңда ай жүзді.
Қыран тудың, бұлбұл тудың, бұл дұрыс.
Бірақ қайдан ойлап таптың байғызды?
Боларсың ба ождансыздан от күткен,
Ойға сыймас аңқаулығың көп тіптен.
Қатар өсті қалампыр мен шоңайна,
Қызғалдағың қатар өсті шеттікпен.
Қайран бейқам, ихсандығы зор далам,
Зор тұлғаңды бейқамдық па қорлаған.
Мен өкшемді саған тіреп өсіп ем,
Өкшең қисық десе біреу арланам.
Өзің айтшы, арқаң қанша қабарды?
Соншама арман әнін ерте доғарды.
Ақын тусаң, құзға салдың соқпағын,
Баян тусаң, қоса тудың Қодарды.
Мейлі, мейлі күдіс емес ол да аса,
Бақыттымын нұрың мені қолдаса.
Ұлы дала аталмас па ең, бәлкім, сен,
Осындай бір қайшылығың болмаса.
Бірақ дала үндемеді, әлденені ойға ала,
Әлденеге сүйсінгендей күлімдеді жай ғана.
Күлімдеді жас үйіріп көзіне,
Кім біледі ұлылық па үндемеудің өзі де.
Жымиды ақын, дидарына қосып әсем өңділік
Бұйра бұлттар әлдеқайда бара жатты жөңкіліп.
Шіркін, қайсар қанаттыны, қандай күш бар бөгеген,
Саңқ-саңқ етіп бала қыран ұшып өтті төбеден.
IІ
Шаршатсын ба жастық шақтың қажыры мен дауылы,
Ұзақ жүрді ол. Әне, әне, Бүйі ханның ауылы.
Хан тұқымы жұрттан ерек әбзелдетіп бағасын,
Емін-еркін жайлап жатыр дарияның жағасын.
Еріксізден ойды бұрып, жауын алған жанардың
Мынау заңғар сән сарайлар меншігінде солардың.
Айналасын мұңға бөлеп, бір қорқыныш төндіріп,
Ұлы Сейхун өзенінен жатыр екен сең жүріп.
Кенет ащы шу естілді. Бұл не дабыл? Масқара!
Туырлықтай сең үстінде барады ағып жас бала.
Қазір - қазір бітеді енді, аунап кетсе, болғаны...
Онда балғын бір өмірдің мәңгілікке солғаны.
Долаң үрей құшағында қолын жайып балаға,
Бір топ адам есі шығып жүгіріп жүр жағада.
Жүгіріп жүр есі шығып жан-жағына алаңдай,
Көмек сұрап, ал өздері тәуекелге бара алмай.
Ұлы дария қаһарланып, буырқанып, толғанып,
Сең мен сеңді соғыстырып, тасып жатыр долданып.
Тағдыр ерге сыбағаны тартады екен не түрлі,
Жігіт аттан қарғып түсіп дарияға секірді.
Нән толқындар өркештеніп жан-жағынан қаумалап,
Қаумаласып алып ұрмақ, ердің еркін баурамақ.
Бөренедей бір сең келіп соғып өтті ақынды,
Ақын біраз басы айналып, күшін қайта шақырды.
Бар арманы, бар өнері су астында қала ма,
Сонда қалай? Бұған да ажал қыл тұзағын сала ма?
Жо – жо – жо - жоқ! Ұл керек қой мына ұлы далаға,
Перзентіңе күш-қуат бер, тапқырлық бер, жан Ана.
Сең астымен жүзіп жүріп әрең жетті ол балаға,
Әрең жетіп, бүлдіршінді алып шықты жағаға.
Алып шығып жата кетті ол, төсін жерге қыздырып,
Арқасында сау-тамтық жоқ, кеткен екен мұз тіліп.
- Неткен көзсіз батылдық бұл неткен іңкәр адамдық.
Деп жамырай таңдай қағып алғыс айтты оған жұрт.
Ал бүлдіршін кімнің ұлы? Бұл қызыққа қарашы,
Бүйі ханның бәйбішеден туған жалғыз баласы.
Ыңыранып хан да жетті екі өкпесін қолға алып,
Аман қалған жалғыз ұлын құшып сүйді, толғанып.
Жалғыз ұлын кім құтқарды? Сұрамады оны да,
Қайтпақ болып ыңғайланды асасын ап қолына.
Алдияр хан, - деп сол сәтте бір қария тіл қатты -
Бұл мінезің мін болмай ма ақылыңа сымбатты.
Ұлыңды кім құтқарғанын тіпті білгің келмей ме,
Бүйте берсең, ел ішінде ізгі сезім өлмей ме?
Тірлігінде ізгілікке тас атқан жан оңалмас,
Анау тұрған жас жігітке алғыс айтып, амандас!
- Ә, солай ма? - деп зорлана езу тартты Бүйі хан, -
Ендеше, бұл құр қалмайды ұлы ханның сыйынан.
Ашулы ғой, көтерейік көңілінің күйін бір,
Уәзір қайда? Жігітті алтын доқабамен киіндір!
- Керек емес, алтын менің арманымды ақсатар,
Өлкеңізге киім іздеп келгенім жоқ, ақсақал.
- Не жорық бар, мұздай болып киінгісі келмесе,
Бұл жігітті ертең маған ап келіңдер, ендеше.
III
Хан өзінің тұрмақ болып уәдесінде бұйдалы,
Ертеңгілік ордасына күллі халқын жинады.
Жинады да мұз көңілін тұңғыш рет жібітті,
Екі нөкер хан алдына ертіп келді жігітті.
- Ал, жас батыр, байқап тұрмын мінезің тым өр екен,
Өрлігіңе байланысты болар бәлкім мерекең, -
Деп Бүйі хан бір тоқтады, - жан екенсің табанды,
Кеше өлімнен алып қалдың менің жалғыз баламды.
Байғазысы болсын соның, арманыңды айт көздеген,
Бірақ жалғыз тілегіңді орындауға сөз берем.
Бәлкім, маған уәзір болып қаларсың ақ ордамда,
Бәлкім, саған байлық керек, оныңды да айт, арланба.
Әлде сұлу қыз керек пе жұрт тамсанған көркіңе,
Мұны өзің шеш, өзің таңда беріп тұрмын еркіңе.
Осы сәтте Ақжәмиді екі сезім биледі,
Екі сезім биледі де екі жаққа сүйреді.
Екі сезім. Екеуі де бастар еді мұратқа,
Бірінші боп Гауһарайдың үні жетті құлаққа:
"Сұңқарым - ау, құтқаруға келдің бе,
Түлей - шампа тағдырыңның қиқарлығын жеңдің бе?
Бұлың - бұлың болашақты алға сап,
Шіркін, егер жолымызды жалғасақ.
Қатар ақсақ өмір атты белеңде,
Бізден асқан бақытты жан болмас еді-ау әлемде".
Қандай қиын бір доғалы тағдырлардың ауысы
Екіншісі - туған өлке, ата-баба дауысы:
"Ұлым, мынау келте өмірді
Ұзартудың жалғыз ғана жолы бар.
Қане, жылдам қайратың мен қажырыңды қолыңа ал,
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.
Жеке шаттық бір басқа.
Арманыңның айы алдан тусын - ақ...
Біз қайтеміз. Елің жатыр ерні кеуіп сусырап".
Екі елес те ғайып болды өз дегенін ұқтырып,
Ақын сонда сөз бастады ханға қарап тік тұрып:
- Кеше де айтқам, тақсыр хан!
Маған байлық керек емес,
Өз байлығым өзімнің жүрегімде,
Жылу сұрап келгем жоқ бұл өңірге.
Жоқ әлде бір үстемдік аңсаппын ба?
Керегі жоқ уәзірлік мансаптың да.
Ал сұлу қыз өзімде бар болатын,
Барлық әнім тек соған арналатын.
Ойда жоқта ақсады арман - атым,
Соны ақсатқан адамның мойнында
Тиіс еді ойнауға шар болатым...
Жә, жарайды... Айтайын тілегімді
Бұл тілек - ел тілегі,
Егер - егер мұны айтпай, басқаны айтсам,
Онда мені намысым өлтіреді.
Қызылқұмда мекенім, ата-бабам,
Жерім жатыр сусырап қаталаған,
Мұның бәрі маған мұң.
Көзі ашылсын ұлы қуаң даламның,
Хан басыңмен айнып кетсең, еркіңде,
Тұрар болсаң сертіңде,
Ақылдасып алғаннан соң еліммен
Ұлы Сейхундариядан -
Тек қалаған жерімнен
Су бересің бір құлақ. -
А – ха – ха - ха, - деп мәз болды Бүйі хан
Екі санын ұрғылап. -
А – ха – ха - ха!
Есті ме деп ойлап ем,
Есерлікке не дейін,
Тек сол болса көмейің
Бір құлақ су аздық етіп жүрмей ме
Екі құлақ берейін. Аха – ха - ха, есерлікке не дейін?!
IV
Бақытты ғой - иығына ел сенімін артқандар,
Туған жерде пайғамбардай қасиетті қарттар бар.
Туған жерде ғұламалар, даналар бар не түрлі,
Ен даланың жазылмаған оқулығы секілді.
Жанарынан шапағатты жалқын сәуле шашырап,
Олар ұзақ кеңес құрды Ақжәмиді қасына ап.
Мақсат айқын. Тек бір ортақ шешім таппай тұрғанмен
"Сейхун суын Қызылқұмға қай арадан бұрған жөн?"
Бір қарт айтты: - Қол көрсеңдер мен кесейін нарықты
Үш тораңғыл мүйісінен қаздырыңдар арықты.
Кеудесі ылди, арнаға сай, әрі беті шегірен,
Жер қабаты өте жұмсақ, аңғарғанды шөбінен.
Әрі ол маңда ескі оқпан бар, суыр, тышқан, іні көп,
Оқпан барда бұл мақсатты орындалмақ жыны жоқ.
Қарт ақылы мақұлданды. Осы болды келісім.
Күндік жерден арық қазу аз бейнет пе ел үшін.
Міне, ақыры дариядан су алынды бір құлақ,
Асау толқын құмға қарай бет түзеді сылдырап.
Басы сәтті. Неге апарып соғар екен жалғасы,
Бірте-бірте кеңи берді жас арықтың арнасы.
Туған жерде ғұламалар, даналар бар не түрлі,
Ен даланың жазылмаған оқулығы секілді.
Көзбен көрмей, бұл ғажапқа нана қою мүмкін бе?
Ұлы дария жаңа арнаға аунап кетті бір түнде.
V
Ертеңгілік семіз уәзір бір сүрініп, бір құлап,
Шырт ұйқыда жатқан ханды зорға оятты жұлқылап.
- Ойбай, сұмдық! Енді қайттік, тез тұрыңыз, ұлы хан,
Осы болар құрыған.
Жер соқтырып кетті бізді қызылқұмдық жас бала,
Сейхундария басқа арнаға аунап кетті. масқара.
Аунап кетті, қол үздіріп барлық игі жақсыңнан,
Барлық дәулет, сәулетіңнен ажырадың, тақсыр хан.
Хан қалбақтап сыртқа шықты.
Кереметке қарай қал!
Қаңырап тұр су үстіне салған зәулім сарайлар, -
О, масқара, құтылуға табар ма екем жол бұдан, -
Деп дірілдеп түсі қашып жынданардай болды хан.
Ал маңайда жан адам жоқ, уәзір ғана қасында,
Жұрттың бәрі жүрген еді жаңа арнаның басында.
Есі шығып хан да жетті. Жұрт жол берді қаумалай,
Міне, қызық, бір топ қызбен осында жүр Гауһарай.
Гауһар десе Гауһар-ақ қой қараған жұрт сүйсінген,
Айлы жүзі бал-бұл жанған, ақ сәукеле киінген.
Шаттанады, қуанышын қоярға жер таба алмай,
Көптен күткен бақытына бүгін жеткен адамдай.
Хан қарлыға дауыстады: - Бір айласын табындар,
Әскер қайда, жабылыңдар, жаңа арнаны жабыңдар!
- Олай ету мүмкін емес, - деп Гауһарай қатты тіл,-
Енді қайтып жамалмайды бұл жыртылған шаттығың.
Бұдан асқан азапты,
Бұдан өткен мазақты
Тіпті ойлап таба алмассың,
Жолың қара болған соң ағармассың.
Бүгін сенің мұнар күнің,
Жәуміт күнің, жылар күнің,
Ойың шабан, тасбақадан озбаған,
Әттең, шындап жылауды да тағдыр саған жазбаған.
Осынау зор кереметті жасаған
Батыр жігіт - менің жарым болатын.
Екеумізде бір-ақ арман бар еді,
Сол арманның сен күйдірдің қанатын.
Сен орнаттың басымызға қара түн.
Хан болсаң да жүрек шамың жанбаған,
Үні жойқын, діні мықты,
Небір ғажап ұлылықты,
Тек махаббат ашатынын білмейсің - ау, сен надан.
Сүйген жүрек мақсатына иек артпай тынар ма?
Сол жігіттің маған деген сағынышы бұл арна.
Қане тоқтат, мықты болсаң.
Бірақ қуат қайда ондай?
Ізгіліктің желкесінде ойнап едің тайраңдай,
Абыройың төгілді енді итке құйған айрандай.
- Әкетіңдер, мынаны тез, шаптығуын қараңдар,-
Деп Бүйі хан дір-дір етті. - Әкетіңдер, қамаңдар!
- Әкете бер, қорықпаймын мен енді,
Кеудем асқақ махаббаттың жеңісіне бөленді.
Жеңіс маған мәңгі берді қол ұшын,
Бақыттымын,
Тәкаппармын сол үшін.
Оны ұғатын қайдан болсын от сенде
Өкінбеймін қазір өліп кетсем де.
Екі нөкер алып бара жатты қызды қамауға,
Лезде алтын күн дарияны бөледі әсем алауға.
Шіркін, қайсар қанаттыны қандай күш бар бөгеген,
Саңқ-саңқ етіп бала қыран ұшып өтті төбеден.
Сүйіктіме менен сәлем жеткізерсің дегендей
Қыз қыранға қолын бұлғап жүре берді бөгелмей.
Оң қанатта Сейхун жатыр толқын атып жарқырап,
Қош бол, қош бол, - деп күрсіне сыбдырлайды бал құрақ.
Сен өлмейсің, сен өлмейсің деп тұрғандай жел күліп,
Іңкәр таңнан хабар айтып болашаққа сендіріп.
Сол болашақ не сыйламақ? Әлде бәрі бітті ме?
Бәрі мүмкін. Қыз ол жайлы ойлаған жоқ тіпті де

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Сейхундария өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Сейхундария