Күләш Ахметова (Нысап)

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналамның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын.
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім — шырақ, санам — cay, ғалам — ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
Елім — азат, мен — азат, ұлым — азат,
Азаттықтың жетпейді құнына зат.
Қанағатта ғаламат қуаныш бар,
Нысапсыздық Алланың құлына — жат!
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналамның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын.
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім — шырақ, санам — cay, ғалам — ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
Елім — азат, мен — азат, ұлым — азат,
Азаттықтың жетпейді құнына зат.
Қанағатта ғаламат қуаныш бар,
Нысапсыздық Алланың құлына — жат!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: күлаш ахметова Нысап өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Нысап