Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)
Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой,
Төмендей көрме, төмендей.
Сызылып ағып жатырсың,
Ақын қыз жазған өлеңдей.
Айдынға нұрын шашыпты ай.
Толқисың үнсіз ғашықтай.
Адамдар өтер асығып,
Ағарсың өзің асықпай.
Шымырлай аққан Шағансың,
Қандай жан саған тағар сын?
Ұрпақтар өтер ауысып,
Айнымай өзің ағарсың.
Қандай боп келер сол кезең,
Керім ең неткен, кербез ең.
Аға бер, Шаған асықпай,
Керек қой елге, жерге өзен.
Түсіне бермес оны әркім,
Тұнығындайсың жанардың.
Таланттар берген тамаша,
Суы да ерке Оралдың.
Кейін бе, әлде ерте ме,
Қажетсің туған өлкеге.
Өлшеулі өмір — жағада...
Еркеле, Шаған, еркеле!
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой,
Төмендей көрме, төмендей.
Сызылып ағып жатырсың,
Ақын қыз жазған өлеңдей.
Айдынға нұрын шашыпты ай.
Толқисың үнсіз ғашықтай.
Адамдар өтер асығып,
Ағарсың өзің асықпай.
Шымырлай аққан Шағансың,
Қандай жан саған тағар сын?
Ұрпақтар өтер ауысып,
Айнымай өзің ағарсың.
Қандай боп келер сол кезең,
Керім ең неткен, кербез ең.
Аға бер, Шаған асықпай,
Керек қой елге, жерге өзен.
Түсіне бермес оны әркім,
Тұнығындайсың жанардың.
Таланттар берген тамаша,
Суы да ерке Оралдың.
Кейін бе, әлде ерте ме,
Қажетсің туған өлкеге.
Өлшеулі өмір — жағада...
Еркеле, Шаған, еркеле!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: күләш ахметова Шағанның жағасында өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Шағанның жағасында