Жамбыл Жабаев (Жүз жасаған жүректен)
Өңкей өрім балалар,
Қолымыздан өсірген!
Ар азығын алғандар
Ананың ақ төсінен!
«Ата»ласаң еркелеп
Орын берем қасымнан.
Сендер едің сол бөбек
Оң тіземе асылған,
Айтушы едім мен ертек
Қыйлы заман ғасырдан,
Ұға білсең, боп зерек
Көңілім судай тасыған.
Өжет едің жасыңнан:
Шығармаймын есімнен:
Сендер үшін басынан
Талай күнді ел кешірген...
Ержеткізген осылай
Жасқандырмай ешкімнен!
Елдің қамқор досындай
Ер кәдесі ескіден.
Жау жағадан алғанда,
Аттандырдық майданға:
«Жауға ойран сал!»—десумен,
Сендер қолқа салғанда,
Жырды аяйын несін мен!
Қарақтарым оқыдым!
Хаттарыңды арнаған.
Батырлықты тоқыдым
Бұрын құлақ шалмаған.
Неше алуан ел өткен
Мұндай ерлік болмаған.
Қаһарың жер тербеткен,
Қайрат берген сол маған;
Баймұрзин мен Бұрышев.
Жауған оқтан таймаған.
Танктермен ұрысып
Нажағайша ойнаған.
Ыбырайым, Мырзабай
Жау қыруға тоймаған,
Көзегенге боп қырғый
Көрінгенді қоймаған.
Кеңес етіп соны ылғый,
Күндіз түні ойланам:
Сол батырлық болып күй,
Өлеңімді қозғаған.
Қайсы бірін айтамын,
Көңілімді толғаған.
Хаттарыңнан байқадым:
Батырлықтың келбетін,
Мұздай темір құрсанған,
Жауар күндей томсарған,
Сталиннің әскері,
Қамал бұзып, жол салған!
Қол алдында көсемі
Жеңу жолын болжаған.
Несін аяр туған ел,
Өзі өсірген баладан!
Есі-дерті бір сендер,
Зор үмітпен қараған,
Береді деп біле бер
Керегіңді ел қалаған!
Білем: қатты майдан бар!
Көп жер жатыр жау алған.
Жау қолында қалғандар
Қанды азапта қаналған...
Уа, қарағым, балалар!
Ер бол демей не дейін,
Ереуілді майданда
Үстем болсын мерейің!
Жауды қырып айдауға,
Талмай көмек берейін.
Дүбір қосып айғайға
Қызыл тілді жебейін.
Сендерге өлең айтқанға
Еш шаршадым демейін.
Қан майдан боп жатқанда,
Қарлығар ма көмейім!
Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін.
Көктемнің күніндей,
Жауды жеңіп, күлімдеп,
Келгеніңді көрейін!
Қаһарманым, күнім деп,
Беттеріңнен өбейін!
Қолымыздан өсірген!
Ар азығын алғандар
Ананың ақ төсінен!
«Ата»ласаң еркелеп
Орын берем қасымнан.
Сендер едің сол бөбек
Оң тіземе асылған,
Айтушы едім мен ертек
Қыйлы заман ғасырдан,
Ұға білсең, боп зерек
Көңілім судай тасыған.
Өжет едің жасыңнан:
Шығармаймын есімнен:
Сендер үшін басынан
Талай күнді ел кешірген...
Ержеткізген осылай
Жасқандырмай ешкімнен!
Елдің қамқор досындай
Ер кәдесі ескіден.
Жау жағадан алғанда,
Аттандырдық майданға:
«Жауға ойран сал!»—десумен,
Сендер қолқа салғанда,
Жырды аяйын несін мен!
Қарақтарым оқыдым!
Хаттарыңды арнаған.
Батырлықты тоқыдым
Бұрын құлақ шалмаған.
Неше алуан ел өткен
Мұндай ерлік болмаған.
Қаһарың жер тербеткен,
Қайрат берген сол маған;
Баймұрзин мен Бұрышев.
Жауған оқтан таймаған.
Танктермен ұрысып
Нажағайша ойнаған.
Ыбырайым, Мырзабай
Жау қыруға тоймаған,
Көзегенге боп қырғый
Көрінгенді қоймаған.
Кеңес етіп соны ылғый,
Күндіз түні ойланам:
Сол батырлық болып күй,
Өлеңімді қозғаған.
Қайсы бірін айтамын,
Көңілімді толғаған.
Хаттарыңнан байқадым:
Батырлықтың келбетін,
Мұздай темір құрсанған,
Жауар күндей томсарған,
Сталиннің әскері,
Қамал бұзып, жол салған!
Қол алдында көсемі
Жеңу жолын болжаған.
Несін аяр туған ел,
Өзі өсірген баладан!
Есі-дерті бір сендер,
Зор үмітпен қараған,
Береді деп біле бер
Керегіңді ел қалаған!
Білем: қатты майдан бар!
Көп жер жатыр жау алған.
Жау қолында қалғандар
Қанды азапта қаналған...
Уа, қарағым, балалар!
Ер бол демей не дейін,
Ереуілді майданда
Үстем болсын мерейің!
Жауды қырып айдауға,
Талмай көмек берейін.
Дүбір қосып айғайға
Қызыл тілді жебейін.
Сендерге өлең айтқанға
Еш шаршадым демейін.
Қан майдан боп жатқанда,
Қарлығар ма көмейім!
Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін.
Көктемнің күніндей,
Жауды жеңіп, күлімдеп,
Келгеніңді көрейін!
Қаһарманым, күнім деп,
Беттеріңнен өбейін!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев Жүз жасаған жүректен өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Жүз жасаған жүректен