Мағжан Жұмабаев (Шалдың үміті)

(Кольцовтан)
-Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.
Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам,
Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам!
Қартайғанда, «кет!» деген бұраң белмен
Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам!
-Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң,
Қайтып татар нәрсе емес, бір татқан соң.
Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма,
Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!
-Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.
Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам,
Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам!
Қартайғанда, «кет!» деген бұраң белмен
Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам!
-Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң,
Қайтып татар нәрсе емес, бір татқан соң.
Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма,
Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Шалдың үміті өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Шалдың үміті