Әбіш Кекілбайұлы (Қыстағы ой)
Қабаған аяз сықылдап,
Бетімнен алып тістеді.
Дәурені өтіп жатыр бақ
Тұнжыратты қыс мені.
Иығыма мұз артып,
Ақ дүлей боран қағынған.
Екі бетті қызартып,
Жіберді тартып жағымнан.
Күні-түні ұлыған,
Жалықтырды өкпек үн.
Сергіген жаным нұрынан
Көктемім қайда, көктемім...
Іркеді ойдың тізгінін,
Арқадан аяз өткен күн.
Қыс болмаса біз құнын,
Білмес едік көктемнің
Бетімнен алып тістеді.
Дәурені өтіп жатыр бақ
Тұнжыратты қыс мені.
Иығыма мұз артып,
Ақ дүлей боран қағынған.
Екі бетті қызартып,
Жіберді тартып жағымнан.
Күні-түні ұлыған,
Жалықтырды өкпек үн.
Сергіген жаным нұрынан
Көктемім қайда, көктемім...
Іркеді ойдың тізгінін,
Арқадан аяз өткен күн.
Қыс болмаса біз құнын,
Білмес едік көктемнің
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әбіш кекілбаев Қыстағы ой өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Қыстағы ой