Мұқағали Мақатаев (Қайран Қарасазым-ай!)
![Мұқағали Мақатаев (Қайран Қарасазым-ай!)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558419589_d09cd183d0bad0b0d0b3d0b0d0bbd0b8-d09cd0b0d0bad0b0d182d0b0d0b5d0b2.jpg)
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қайран Қарасазым-ай! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қайран Қарасазым-ай!