Мұқағали Мақатаев (Кешке таман естігенде)

 Мұқағали Мақатаев (Кешке таман естігенде)

Капитолия кешке таман естігенде атымды,
Тыңдап тұрдым, шапалақтар шау қарғалар атылды.
Сол бір түн де бақытқа әкеп бөлемеді пақырды.
Мейрамдаған кездерде де, орындалып дегенім
Мен бәрібір баяғыдай бақыттымын демедім.
Алайда бір таң алдында,
сеп-сергек боп,
ән айтқан боп,
Жұтып күзгі ауаны,
Таң нұрымен батыстағы бозғыл Айға қарадым,
Жапа-жалғыз шомылуға өзен жаққа барамын.
Сұп-суық су қытықтады, күн де ашты жанарын.
Алыс жолдан аяулым да қайтты ғой деп баладым,
О, дариға-ай! Сонда өзімді бақыттыға санадым.
Ас та, ауа да бал татыған ғаламат күн жоғалды,
Үшінші күн кешке қарай досым менің оралды,
Тып-тыныштық түн, маңғаз толқын әлсін-әлі сабалап,
Тындап жаттым, тыншымай бір ұрып жатты
жағаға.
Құм менен су сыбырласып, бірін бірі қытықтап,
Сыңқылдасып, қайнап-ойнап, жатыр мені
құттықтап.
Салқын түнде ең аяулым бірге жатты, себебі:
Бір көрпенің астында ұйқтап, бірге жылыттық
денені.
Ақ жүзіне
күзгі айдың ақ сәулесі тараған,
Қолын менің кеудеме әкеп,
беті маған қараған,
Сол түні мен,
өзімді өзім бақыттыға балағам

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру