Мұқағали Мақатаев (Сені естігем)
Сені естігем,
салтанатты нәзік үні органның,
Жексенбіде жанай өтіп,
шіркеу жақта болғанмын.
Естігемін, қараңғыда,
құйынды күз, ортасында орманның,
Күрсінген күрсіністен төңірегім толған мұң.
Операдан, ғажайып бір,
Италия тенорын да тыңдағам,
Квартетте сопрано сыңғыр үнін сырлаған,
Дел-сал түнде, махаббатым,
басымнан сен құшқанда,
Сенің дағы қан тамырың өн бойыңда тулаған,
Құлағымның дәл үстінде
қоңыраулатып, тынбаған
салтанатты нәзік үні органның,
Жексенбіде жанай өтіп,
шіркеу жақта болғанмын.
Естігемін, қараңғыда,
құйынды күз, ортасында орманның,
Күрсінген күрсіністен төңірегім толған мұң.
Операдан, ғажайып бір,
Италия тенорын да тыңдағам,
Квартетте сопрано сыңғыр үнін сырлаған,
Дел-сал түнде, махаббатым,
басымнан сен құшқанда,
Сенің дағы қан тамырың өн бойыңда тулаған,
Құлағымның дәл үстінде
қоңыраулатып, тынбаған
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Сені естігем өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сені естігем