Мұқағали Мақатаев (Басымнан қорқам)
Мен басымнан қорқамын атом ба деп,
Бір әлемет жасалып жатыр ма деп.
Мұндай-дағы сұрапыл тап болар ма,
Өзі болған өзімен пақырға кеп.
Мен басымнан қорқамын атом ба деп.
Белгісіз элементтер миымда ойнап,
Миым қайнап барады, миым қайнап.
Белгісіз ғалымдарға мекен болып,
Өз денеме өз басым бұйырмай ма?!
Бұл ғаламның түбіне жететіндей,
Сұмдық-сұмдық сынаулар өтетіндей.
Мен басымнан қорқамын, мен болмасам,
Aтoм - миым жарылып кететіндей.
Жүрген жан ем байымай; тапшысынбай,
Сарсаң болдым ертегі бақсысындай.
Басым қалды жасырын полигон боп,
Өзім тұрмын мақтаулы сақшысындай.
Мен басымды жасырам, жасырам кеп;
Миымдағы сынаулар басылар деп.
Мен миыма сенемін ажал болмай,
Дүниеге шуақ боп шашылар деп!
Бір әлемет жасалып жатыр ма деп.
Мұндай-дағы сұрапыл тап болар ма,
Өзі болған өзімен пақырға кеп.
Мен басымнан қорқамын атом ба деп.
Белгісіз элементтер миымда ойнап,
Миым қайнап барады, миым қайнап.
Белгісіз ғалымдарға мекен болып,
Өз денеме өз басым бұйырмай ма?!
Бұл ғаламның түбіне жететіндей,
Сұмдық-сұмдық сынаулар өтетіндей.
Мен басымнан қорқамын, мен болмасам,
Aтoм - миым жарылып кететіндей.
Жүрген жан ем байымай; тапшысынбай,
Сарсаң болдым ертегі бақсысындай.
Басым қалды жасырын полигон боп,
Өзім тұрмын мақтаулы сақшысындай.
Мен басымды жасырам, жасырам кеп;
Миымдағы сынаулар басылар деп.
Мен миыма сенемін ажал болмай,
Дүниеге шуақ боп шашылар деп!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Басымнан қорқам өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы