Мұқағали Мақатаев (Жанарым)
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы,
Бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда,
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында.
Жүрегім бол деп, сені зорламайын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын.
Қарашығым бол-дағы дамылдағын,
Қашанда жанарымнан табыл, жаным.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!
Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы,
Бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда,
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында.
Жүрегім бол деп, сені зорламайын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын.
Қарашығым бол-дағы дамылдағын,
Қашанда жанарымнан табыл, жаным.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Жанарым өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жанарым