Мұқағали Мақатаев (Сен қартайды дегенге)
Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,
Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.
Шаршама, шашым ерте ағарды деп,
(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)
Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,
Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.
Іреңің неге сонша мұң атулы?
Жігерің неге сонша уатылды?
Балауса шыбық едің, емен болдың,
Бойыңа жиып алып қуатыңды.
Самалы қуаныштың соқпай қалды,
Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?
Тұрсың ба, жастықтағы нұрыңды іздеп?
Жаным, ол-жалын менен отқа айналды
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,
Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.
Шаршама, шашым ерте ағарды деп,
(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)
Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,
Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.
Іреңің неге сонша мұң атулы?
Жігерің неге сонша уатылды?
Балауса шыбық едің, емен болдың,
Бойыңа жиып алып қуатыңды.
Самалы қуаныштың соқпай қалды,
Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?
Тұрсың ба, жастықтағы нұрыңды іздеп?
Жаным, ол-жалын менен отқа айналды
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Сен қартайды дегенге өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен қартайды дегенге