Мұқағали Мақатаев (Маған құрбым кектенбе)

 Мұқағали Мақатаев (Маған құрбым кектенбе)

Өкініш қып өткен менен кеткенге,
Өтінемін, маған, құрбым, кектенбе.
Алай-түлей қарлы дауыл соқпай ма?
Аласапыран ең алғашқы көктемде.
Соны есіңе ал, маған, құрбым, кектенбе.
Ашуыңды алайын мен тең бөліп,
Өтінемін, өткіншіге берме ерік?!
Сен де айыпты, мен де айыпты емеспін,
Сенде де бар, менде де бар пенделік.
Сенде де бар, менде де бар алалық,
Сол алалық өршімесін жаңарып!
Алалықты айбалта ғып ұстаған,
Бұл өмірде әзәзілдің бары анық!
Ел мен елді, халық пенен халықты
Жауластырған, сол әзәзіл қауіпті.
Күндестік деп аталатын бір мыстан
Күлге аунапты...
Әзәзілді тауыпты.
Өтінемін, құрбым, маған кектенбе,
Өкпелей бер, наздана бер, жек көрме!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру