Мұқағали Мақатаев (Тауға келсең)
Тауға келсең, қыста емес,
Күзде келгін!
Қарсы алдыңнан табылар іздегенің.
Жапырақтың көресің әлі-дағы,
Тіршіліктен күдерін үзбегенін.
Ойландырар шақ қой бір - күз дегенің.
Ойландырар күз деген - кіші бесін,
Күн төбеңнен ауғанын түсінесің.
Ескі жұртты көргенде жайлаудағы,
Құлын да жоқ желіде байлаудағы,
Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің!
Жазынды еске жабығып түсірерсің.
Жадыда кеп жалпақ жаз, бақ - мекенің,
Түсінесің думанды шақ та өтерін.
Құлақ түріп, қурайдың ызыңына,
Ұғынасың өмірдің тәтті екенін
Күзде келгін!
Қарсы алдыңнан табылар іздегенің.
Жапырақтың көресің әлі-дағы,
Тіршіліктен күдерін үзбегенін.
Ойландырар шақ қой бір - күз дегенің.
Ойландырар күз деген - кіші бесін,
Күн төбеңнен ауғанын түсінесің.
Ескі жұртты көргенде жайлаудағы,
Құлын да жоқ желіде байлаудағы,
Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің!
Жазынды еске жабығып түсірерсің.
Жадыда кеп жалпақ жаз, бақ - мекенің,
Түсінесің думанды шақ та өтерін.
Құлақ түріп, қурайдың ызыңына,
Ұғынасың өмірдің тәтті екенін
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Тауға келсең өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Тауға келсең