Мұқағали Мақатаев (Өтелер ме?)
Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына
Беріп кетсем болғаны берерімді.
Мынау аспан,
Мынау жер мекеніме,
Есеп берер күн туар кетерімде
Тоқсан жасап, жүз жасап неғыламын,
He беремін жүз жылдың өтеуіне.
Өтелер ме жылуы жарық күннің?
Төленер ме қызығы мамық түннің?
Жүз жыл емес, бір жылдың өтеуі жоқ,
Ылаж құрып, мінеки налып тұрмын
Нағып тудың, Анам-ай, нағып тудың?
Күндерімді күйбеңмен жалықтырдым.
Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Көріп жүрмін онсыз да көрерімді...
Күндер батып, таңдарым атқан сайын,
Күдіктенем, біле алмай не дерімді
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына
Беріп кетсем болғаны берерімді.
Мынау аспан,
Мынау жер мекеніме,
Есеп берер күн туар кетерімде
Тоқсан жасап, жүз жасап неғыламын,
He беремін жүз жылдың өтеуіне.
Өтелер ме жылуы жарық күннің?
Төленер ме қызығы мамық түннің?
Жүз жыл емес, бір жылдың өтеуі жоқ,
Ылаж құрып, мінеки налып тұрмын
Нағып тудың, Анам-ай, нағып тудың?
Күндерімді күйбеңмен жалықтырдым.
Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Көріп жүрмін онсыз да көрерімді...
Күндер батып, таңдарым атқан сайын,
Күдіктенем, біле алмай не дерімді
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Өтелер ме? өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өтелер ме?