file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қалқаман Сарин (Талғат - Гүлназ)

 Қалқаман Сарин (Талғат - Гүлназ)

Талғатым – таудай, Гүлназым – балдай,
Жарасып тұрған бір нәзік жандай.
Ақсүйек өнер ақындықпенен
Досыңа арнап жыр жазу қандай.

Бір өзің, досым, арланы Алтайдың,
Мінезің – тауы Тарбағатайдың.
Мұзтаудың тағы мұзбалағысың,
Мен сені соған тән деп атаймын.

Бірегей досым бұл өмірдегі,
Тәтті сөз сенсің тілегімдегі.
Астана жақтан асықтырғандай,
Досым деп соққан жүрегім мені.

Ән салып берші, палуан жігіт,
Кетсінші таудың бәрі жаңғырып.
Бойыңа берген алпыс өнерді
Алланың өзі алуан қылып.

Жып-жылы екен жарыңның жүзі
Жаныңның сол ғой жарық жұлдызы
Ұлықты ұл мен қылықты қыздың,
Анасы болсын Әлімнің қызы.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру