Қалқаман Сарин
Жұлдыздардың жалынына Түн балқып,
Балбырайды, құшағында мұң қалқып
Сені еске сап айлы аспанның демінен,
Жұпар сезім тұрды аңқып.
Дала мүлгіп, қала қалғып... бәрі үнсіз.
Өзің жайлы ойлар ғана дамылсыз
Жер мен көкке сыймай тулай береді,
Мендік сезім – сабырсыз.
Жұлдыз ақса... Сағынышым сыр беріп,
Хат жазамын қанатына үлгеріп.
Сен туралы айта алмады ештеңе,
Түннің тілі күрмеліп.
Балбырайды, құшағында мұң қалқып
Сені еске сап айлы аспанның демінен,
Жұпар сезім тұрды аңқып.
Дала мүлгіп, қала қалғып... бәрі үнсіз.
Өзің жайлы ойлар ғана дамылсыз
Жер мен көкке сыймай тулай береді,
Мендік сезім – сабырсыз.
Жұлдыз ақса... Сағынышым сыр беріп,
Хат жазамын қанатына үлгеріп.
Сен туралы айта алмады ештеңе,
Түннің тілі күрмеліп.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қалқаман сарин өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин