Қалқаман Сарин («Қош!» дедің неге?)
«Қош!» дедің неге? Қолыңды неге бұлғадың?
Күндердің санап үмітпен келемін бәрін.
Мендегі мынау мөп-мөлдір мұңлық сезімнің,
Сен едің, жаным, иесі сен едің, жаным!
Неге сағындым? Сен мені неге сағындың?
Сарғайған сағынышымның елесі – ауыр мұң.
Бағыма менің бұйырмас балауса арманым,
Бақытты кейіпкерісің сен осы әнімнің!
Неге мұңайдым? Білмедім, неге мұңайдың?
Көзіңнен сенің cынығын көремін Айдың.
Түн құшағында тілдесіп тәтті елесіңмен,
Жұлдыздай болып бір – бірлеп сөнеді қайғым...
Күндердің санап үмітпен келемін бәрін.
Мендегі мынау мөп-мөлдір мұңлық сезімнің,
Сен едің, жаным, иесі сен едің, жаным!
Неге сағындым? Сен мені неге сағындың?
Сарғайған сағынышымның елесі – ауыр мұң.
Бағыма менің бұйырмас балауса арманым,
Бақытты кейіпкерісің сен осы әнімнің!
Неге мұңайдым? Білмедім, неге мұңайдың?
Көзіңнен сенің cынығын көремін Айдың.
Түн құшағында тілдесіп тәтті елесіңмен,
Жұлдыздай болып бір – бірлеп сөнеді қайғым...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қалқаман сарин Қош дедің неге өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин