Қалқаман Сарин (Алланың бары ақиқат)
«Алладан басқа жоқ Тәңір,
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.
Болуы қиын Хаққа құл,
Ібіліс болса көршісі.
Адамның көбіі жатбауыр –
Заманның жалған кем тұсы.
Жер бетіндегі көп қабір –
Адамның алған еншісі.
Құлдың да құлдан несі артық?
Нәпсісін түгел тыйса артық.
Зікір ғып Хақты ішінен,
Иманын кәміл жыйса артық.
Разы боп қылған ісінен,
Раббыңның өзі сүйсе артық.
Жәннаттан бір жай күтіп ең,
Кірерсің сонда күй шалқып.
Анаңның аппақ сүтінен,
Жұмақтың жұпар иісі аңқып.
Ғибадат жасап құрметпен,
Жаратқан хақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған сүннетпен,
Жаңылмай жолдан жүріңдер.
Жұмағың жаннат, гүл-Көктем,
Тұрағың болмас жұмыр жер.
Рақым нұр жауып тұр көктен,
Танитын соны ілім бер.
Құлшылық еткен үмметке
Тіршілік етер ғұмыр бер!
Өтпелі мына ғасырдың,
Өткелі қиын жол болар.
Мерейі тасып тасырдың,
Асылдың бағы кем болар.
Сынағы ол да Хакімнің,
Шүкірлік етсең жөн болар.
Есіктен кірген басыңның,
Алатын орны төр болар.
Бесіктен шыққан басыңның,
Баратын жері көр болар.
Құранның сөзі – қасиет,
Пайғамбар сөзі – өсиет.
Ұмытпа сабыр етуді
Көрсең де қайғы, қасырет.
Бабалар өткен не түрлі,
Иманы жалғыз досы боп.
Сүйгені сүннет секілді
Бұйрығы хақтың осы деп.
Ғибратты ғұмыр кешуді,
Бізге де Алла нәсіп ет!
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.
Болуы қиын Хаққа құл,
Ібіліс болса көршісі.
Адамның көбіі жатбауыр –
Заманның жалған кем тұсы.
Жер бетіндегі көп қабір –
Адамның алған еншісі.
Құлдың да құлдан несі артық?
Нәпсісін түгел тыйса артық.
Зікір ғып Хақты ішінен,
Иманын кәміл жыйса артық.
Разы боп қылған ісінен,
Раббыңның өзі сүйсе артық.
Жәннаттан бір жай күтіп ең,
Кірерсің сонда күй шалқып.
Анаңның аппақ сүтінен,
Жұмақтың жұпар иісі аңқып.
Ғибадат жасап құрметпен,
Жаратқан хақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған сүннетпен,
Жаңылмай жолдан жүріңдер.
Жұмағың жаннат, гүл-Көктем,
Тұрағың болмас жұмыр жер.
Рақым нұр жауып тұр көктен,
Танитын соны ілім бер.
Құлшылық еткен үмметке
Тіршілік етер ғұмыр бер!
Өтпелі мына ғасырдың,
Өткелі қиын жол болар.
Мерейі тасып тасырдың,
Асылдың бағы кем болар.
Сынағы ол да Хакімнің,
Шүкірлік етсең жөн болар.
Есіктен кірген басыңның,
Алатын орны төр болар.
Бесіктен шыққан басыңның,
Баратын жері көр болар.
Құранның сөзі – қасиет,
Пайғамбар сөзі – өсиет.
Ұмытпа сабыр етуді
Көрсең де қайғы, қасырет.
Бабалар өткен не түрлі,
Иманы жалғыз досы боп.
Сүйгені сүннет секілді
Бұйрығы хақтың осы деп.
Ғибратты ғұмыр кешуді,
Бізге де Алла нәсіп ет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қалқаман сарин Алланың бары ақиқат өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин