file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Фариза Оңғарсынова (Ұнатып ем...)

 Фариза Оңғарсынова (Ұнатып ем...)

Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.

Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.

Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: "Саған оңай көнем бе мен!" –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін "Сені жақсы көрем!" деген…

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Аймира Гайнеденова
    0 + 0 -
    Фариза апамыздың өлеңдеріне тәнтімін, оқыған кезде өзіңде болып жатқан бір жайсыз құбылыстарды айтып жатқандай, соған дәлел осы өлеңінде мен дәл қазір осы күйде жүрмін...