Фариза Оңғарсынова (Шырқайын - сазды сырнай досым қайда?!)
Шырқайын - сазды сырнай досым қайда?!
Әндетсем, қыз-бозбала қосылмай ма?!
Думанның бозбаласыз қызығы жоқ -
өртейін, өртенейін осындайда!
Бозбала, қосыл әнге, жалында шын,
түнді - таң, жүректерді ән ұрласын!
Тербелсін алтыбақан ай астында,
жоғалсын ақсүйектер, табылмасын!
Жүрекке жалын құйып көзқарасым,
Сырнай саз сұлу үнім сорғаласын!
Өнердің өзім білген арқасында
үш жүздің ғашық еттім бозбаласын!
Майраның сауық-сайран жүрген жері,
шабытты әндерімен мұңды емдеді.
Сырнай мен домбыраның үні шықса,
жүрегін бозбаланың жыр кернеді.
Қалқысын шаттық көңіл аспанымда,
ән барда сылтауың жоқ басқа мұңға!
Ән - арман, ғашық - арман, қыз-бозбала,
шырқап қал, шарықтап қал жас шағыңда!
Әндетсем, қыз-бозбала қосылмай ма?!
Думанның бозбаласыз қызығы жоқ -
өртейін, өртенейін осындайда!
Бозбала, қосыл әнге, жалында шын,
түнді - таң, жүректерді ән ұрласын!
Тербелсін алтыбақан ай астында,
жоғалсын ақсүйектер, табылмасын!
Жүрекке жалын құйып көзқарасым,
Сырнай саз сұлу үнім сорғаласын!
Өнердің өзім білген арқасында
үш жүздің ғашық еттім бозбаласын!
Майраның сауық-сайран жүрген жері,
шабытты әндерімен мұңды емдеді.
Сырнай мен домбыраның үні шықса,
жүрегін бозбаланың жыр кернеді.
Қалқысын шаттық көңіл аспанымда,
ән барда сылтауың жоқ басқа мұңға!
Ән - арман, ғашық - арман, қыз-бозбала,
шырқап қал, шарықтап қал жас шағыңда!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Шырқайын - сазды сырнай досым қайда өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Шырқайын - сазды сырнай досым қайда