Еске алу

Еске алу

Автор: Айгуль Нургалиева


Өмірдің жиылғандай бар керегі.
Силастың елдің жақсы ардағымен,
Араласып бетке ұстар саңлағымен.
Жеті бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келіпсіз жан-жарыңмен.
Барында, жоғында да дәулетіңнің,
Көңілін қалдырмадың әлдекімнің.
Тізгінін кісілікпен ұстап жүрсіз,
Әулие Ешенғазы әулетінің.
Айналған қосағыңнан туысыңа
Апайым аман болсын-тыныш ұя.
Өмірдің бар қызығы алдан шығып,
Шайқалмас ырыс қонсын уысыңа!!!


Тағы еске алу сөздері



Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Қыраным ең шырқар биік аспанға,
Айналардай ұлым едің мақтанға.
Пенделіктің ашпай жатып пердесін.

Періште боп ұшып кеттің аспанға.
Шаңырақтың еркесі едің, серкесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
"Апайлап" өткен асыл құлыным-ай,
Жамбасыңа батпасын жер төсегің!

Анама

Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық,ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер.
Жадымызда мәңгіге сақталады.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген,
Қимастықтың күйін шертіп тербеген.
Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде
Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Жол апаты болған сүрең қаңтарда
Мәңгілікке жоғалттық үш алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Үшеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз
Дұға оқып, естеріне алғанын!
Асқаровтар отбасы бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған әкесі Сапарбек Байтайұлын, анасы Сәуле Құрмашқызын және Әсем Сапарбекқызын сағынышпен еске алады.

Өмірдің жолы күрделі, әрі бұралаң,
Жаратушымыз оны ақ-қарадан құраған.
Қарасына пенде қамығып, кейде қан жылап,
Тағдыр талқысына еріксіз көніп шыдаған.
Сондаймыз біз де, ерте кеттің, құлыным,
Ішімізге толды запыран, зарлы қайғы-мұң.
Азамат болар зерделі, таралар аты көпке деп,
Үміт күтіп, армандағанның бірімін.
Кенеттен кеттің, сартап болып санамыз,
Ойласақ іштей қайғыдан күйіп-жанамыз.
Өткенді ойлап, келешектен үміт қып,
Аңсауменен өзіңді ағартты шашын анаңыз.
20 жыл өтті, бейнеңді қарғам, сағындық,
Алладан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.
Алдың бейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп,
Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.
Сағынышпен еске алушы жеңгең.
Жаманбаев Дәуір Еркінтайұлын сағынышпен еске алу
Автор: Айгуль Нургалиева


Раушан апайымды сағынып еске аламыз

Еске аламыз ардақты да апамызды
үлкеніміз ақыл айтар панамызды,
егілеміз жылаймыз еске алып
кең пейілді ақ көңіл Раушанымды.

Жылаймыз да көнеміз ғой тағдырға
бала шағаң туыстарың бар мұнда,
ешқашанда ұмытпаймыз біз сені
дұға жасап барып тұрамыз басыңа.

Арай менен Айгерімдей қыздарың
Айдос Жандос алтын сенің ұлдарың,
Жандосыңның қызығында көрмедің
көп болды ғой армандаған арманың.

Немерең бар Апа деген өзіңді
сағынады айтқан сенің сөзіңді,
апаларын іздейді олар сағынып
мейірімді жарқын сенің жүзінді.

Жездем жүрғой сені ойлап жылайды
Раушаным деп сағынады ойлайды,
орта жаста опырылдау омыртқаң
жыласаң да орны енді толмайды.

Аға бауыр сіңілдерің өзіңнің
қарашығы біздер сенің көзіңнің,
апатайым ақыл айттың сен бізге
астары бар сенің айтқан сөзіңнің.

Тірі болса туған күні болушеді
елу алты жасқа бүгін толушеді,
сұм ажал кеп акетпесе апайымды
ортамызда күліп ойнап жүрушеді.

Тура деген сөздерің бар ұмытылмас
сол сөздерің мына біздің естен шықпас,
сол сөзіңді бір естуге зар болдық қой
апатайым туысың бар сені қимас.

Жақсы адам ол жаққа да керек екен
жұмақ төрін апатайым мекендеген,
Раушантайым кетеді деп кім ойлады
Алла берген ғұмыр жасы өлшеулі екен.

Топырағың торқа болсын жан апам
орын берсін Аллам саған жұмақтан,
қорғап қолдап аруағыңмен ұрпағыңды
сақтай көрші Аллам өзің жаратқан!!!

Бауырың Ерік Еренғазыұлы.

Отбасың туыстарың
Сағынып еске аламыз.

Досымды еске алу

Әне-міне дегенде,
1жыл өтті қас қағым.
Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан ау тұрасын.

Бүгін бармыз,ертен жоқпыз-деген сөз
Ойға салар,күрсіндіріп,мұңайтып.
Күліп-ойнап,ұмыттығой бұл кісі,
Сағынбайды-дейтін шығар әр кісі.

Сағынамын, сағынамын әрине,
Сағынамын,сағынбайды' деседе,
Кім сағынбас?!адал досты,сендей ау
Кім сағынбас?!сендей досты,жаным ау.

Әр кез сені еске алып ойланам,
Орынынды баспайды екен әр адам.
Өкініштен тұратын бұл өмірге,
Өкпелімін,ех шіркін алып кетер біздіде.

1жыл өтті көрмегелі өзіңді,
Еске аламын жарқылдаған жүзіңді,
Еске аламын көнілді бір кезіңді.
Еске түсер қызық күндер бұрынғы,
Қайтпайтының кім біліпті ол күнді.

Қас-қағымда кеттінғой сен бұл күні,
Жүзімізді бір мұңайтып,жылатып.
Ажал айтып келмейдіғой-деп бірақ,
Бірімізді біріміз жүрік жұбатып.

Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан тұрасын..
Күліп жүрсен бүгін сен,
Бәлкім ертен жыларсын.
Кеткендерді еске ап,
Бір сәтте мұңға батасын.
Бақыттысын сен бірақ,
Қара жерді басасын.
Есте сақтап,ұмытпассын бәлкім сен,
Қара жерде бір күні сенде жатарсын.
Қатап А.

Еске алу

Ана... Жүрекке тым жақын, нəзік үн. Менің жүрегімде ойып, орын алып кеткен жан жүрегім Анашым... Сіздің əрбір даусыңыз, айтқан ақылыңыз бен көз алдымнан кетпейтін жарқын бейнеңіз жаңғырып санама нұр себуде.. Іздеймін... Сағынамын... Құшақтап құшағыма қысқым келеді... Сырымды ашқым келеді... Бақытыммен бөліскім келеді... Өмір қысқа болсада жеткен жетістіктерімді көрсеткім келеді... Əттең... Амал не?... Жанымда жоқсын Жан Ана... Тағдыр бізді осылай сынған болар... Бірақ бір өкінетінім... Анасы жанында жүрген жандарға қарап... Өмір неге сонша қатал деп налимын... Мама сізді жиі сағынамын... шерімді тарқатқым келеді... жан сырыммен бөліскім келеді... Сіз кеткелі жаныма жұбаныш жан таппадым... Жалғыз тірегім өзің екенсің Мама... Міне бүгінде сіздің бұл өмірден өткеніңізге 3жыл болыпты... Сізсіз көктемнің 3 жылын, жаздың 3жылын , күздің 3жылын, қаһарлы қыстың 2 жылын қарсы алыппын... Осы тұста көп өзгеріс орын алды өмірімде... Бірақ барбір сіздің орныңыз ерекше... Дал қазір жанымда болсаң ғой... Мама... Сағынамын сізді...


Nazira Baratova

Еске аламыз


Жыл толды алып жүрек тоқтағалы
Жыл толды ұлымызды жоқтағалы
Алайда ұлымыздың нұр бейнесі
Көңілдерде мәңгілік сақталады

Еске аламыз сағынамыз өзіңді
Бір жыл болды көздің жасы төгілгелі
Ақ көңілді жан едің ғой өмірде
Неге өмір қысқа болып берілді

Еске алады сағынады ата анаң
Сұм ажалға кімдер қарсы баралған
Жердің бетін жетірет айналсамда
Өзіңдей ұлды қайдан таба алам

Өмір неге қатал едің аяусыз
Қара жердің тоймағаны мазасыз
Өткен жылы он жетіге келгенде
Жастың жанын алып кеттің шыдамсыз

Сағынамыз сарғайамыз жабыға
Қайғы мұңды көтерерміз жабыла
Қара жерді сен жатырсың жамыла
Көзімізден ыстық жастар ағыла

Достарыңда көбеді ғой жаныңда
Өзің едің тұңғышымда барымда
Қуанушедің қос қарындас барына
Қуанушедің аға болған бауырға

Міне бүгін жиналдық сенің жылыңа
Тума туыс жиналған жұрт қайғыра
Бізді ойлап Қуандығым қайғырма
Қош бол енді əрең жүреміз жарыла

Қос жанарым жылағаннан оралмас
Сыр шертемін жүрегімде ауыр тас
Еш қашанда айлар өтсін жыл өтсін
Есімізден еш қашанда жойылмас

Қуандық Ниязымбетовтың рухна арнау

Жазған : Калиев Мейрамбек

Аяулы жар, ардақты әкеміз. Орта жүз, Руы – Көшкін-Шақабай, Қасымбекұлы Жолдыбай көзі тірі болса, 8 маусымда 80 жасқа толар еді… Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 27 жыл толып отыр. Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағың торқа, жанның жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз.

Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!

Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.

Жалғап өскен ағайынның арасын,
Қайран Әке, бір төбе дарасың.
Тірі болса артыңдағы ұрпағың,
Әкешім, мәңгі есте қаласың!


Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Еске алушылар: зайыбы – Орал, балалары, күйеу балалары, немерелері-шөберелері


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 26
  1. Оқырман Аккенже
    0 + 0 -
    Гүлнәр тәтемді еске алу.

    Өмір мен тіршілік жалғасуда
    Таң атып күн батып қайталауда
    Өмір барда өлімнің бар екенін
    Бірі білсе бірі білмей шатасуда.

    Күндер өтті өзіңсіз таң атқалы
    Еңсеміз көтерілмей жәй таппады
    Өмір деген өлшеніп берілсе де
    Қимастық сезімдеміз біздер әлі

    Тым ерте кеткенін қоштаса алмай
    Не болғанын түсінбей қалғанын-ай
    Ұйықтап қайта оянып құшақ жайып
    Бәрімізбен қауышам деп ойладынба-ай

    Алысқа кеткендей көрінесіз
    Мен келдім деп кірердей сезінесіз
    Тәтем-ау дауысынды сағындым ғой
    Түс көргендей өтті-де басылыды ғой

    Қатты мінез мейріммінмен қатар жүрген
    Әрдайым қамқор болып ақыл берген
    Адалдықпен шындықты алға қойып
    Үлгі болып әрқашан ұстанып ен

    Армандарын көп еді ғой тәтешім
    Бәрімізге бір-бір тілек тілепсін
    Орындалмай қалмасын деген сезіммен
    Ақ параққа қатар тізіп кетіпсін....
  2. Оқырман Аккенже
    0 + 1 -
    Гүлнәр тәтеме сағыныш.

    Суық хабар кеп жетті құлағыма
    Кең дүние аяқ-асты тарылды да
    Өмірдін ащы дәмін сезіп ерте
    Тәтемнен айырылып қалдым, өмір келте.

    Бауырдан айырылу ауыр еді
    Жанынды жегідей жеп кете берді
    Тәтем-ау өзің барда түгел едік
    Арқа сүйеп бой түзеп еркеледік.

    Өзінмен өмір бізге қызық еді
    Өзіңмен жездем қатар жүруші еді
    Жан тәтем сенсіз өткен бұл өмір
    Мәнсіз атқан таңменен тең еді

    Еркелеп бір өзіне жүр едім ғой
    Ақылшы тірегім болған алдымызда
    Есейіп кеттім тәте бір-ақ күнде
    Үш ботанның көз жасын көре сала

    Қимастық сағыныштан ұмыта алар емеспін
    Аппақ жүзін көз алдымда өшпес мәңгі елесің
    Аққенжем деп іздеп келер екен деп
    Жол тосып отырмын ғой Гүлнәр тате өзіңді іздеп.

    Қайтемін көнбесіме амал барма
    Соңынан дұға тілеп құран бағыштауда
    Жаннаттың төрінен орын беріп
    Бір АЛЛА алсыншы панасына!
  3. Ааа
    Ааа 13.06.2023 23:57
    0 + 0 -
    Салеметсизбе маган зиратты котерген класстастарына алгыс айту туралы жазып Бере аласызба
  4. Оқырман Айжан
    Оқырман Айжан 18.08.2022 09:49
    3 + 4 -
    Келін боп түскенде көрмедім. Енем қайтыс ьолған. Сол кісіге келін атынан өлең құрастырып бере аласыздар ма? Еске алу. Екі ұлы бар
  5. Оқырман Асылай
    Оқырман Асылай 23.02.2022 01:17
    1 + 0 -
    Асыл жарымды еске алу толар еди 38 жаска
  6. Әке еске алу
    Әке еске алу 21.11.2021 20:16
    12 + 8 -
    (тапсырыс бойынша шығарылған)

    Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
    Өзің едің,әке,үйдің зор бағы.
    Жарық берер айымыздай көктегі,
    Болушы едің жанымыздың қорғаны.

    Біздер үшін асқар едің,шың,асқақ,
    Сенсіз қалды жанымыз да тым ақсап.
    Жанарларды жәудіретіп мәңгілік,
    Кеттің,әке,жанымыздан жырақтап.

    Жадымыздан өшпес мәңгі,әкешім,
    Анаға жар,ал біздерге әкесің.
    Немерең де,шөбере мен шөпшегің,
    Бәрі сені сағынуда,әке шын.

    Шырақ едің,сәуле едің,ай едің,
    Жаның толы,мейірімге бай едің.
    Ілім,білім,тәрбиеге қаныққан,
    Үлгі алар ер атына сай едің.

    Жанға бермес,біртуарым,еренім,
    Жар едің ғой,әке едің,ер едің.
    Жан әкем-ау,жанға батып жоқтығың,
    Сабылумен сағынуда ел ерін.

    Жан әкешім,қызметте бапты ерім,
    Елге сыйлы,абыройлы,даңқты едің.
    Кеткеніңде келмейтін боп енді еш,
    Сені жоқтап,күңіреніп жатты елің.

    Сен кеткенде жанарлар да жылап тым,
    Жігеріміз кетті сынып,сұлап мың.
    Жан әкешім,жаның болғай әрқашан,
    Ең ерекше,ақ төрінен жұмақтың.
  7. 16.11.2021 14:21
    11 + 10 -
    Қатал тағдыр ойнатып ойран дауыл,

    Батырарын сездік пе ойларға ауыр?

    Қапияда ажалдың оғы тиіп,

    Қайрылмастан кеттің бе, қайран бауыр?!
    Қойнына алды қара жер арда ұлын…

    Асыл бейнең, көңілде қалды-ау үнің.

    Топырағың торқа боп, тыныш ұйықта,

    Жадымыздан өшпейсің, жан бауырым!
    1. Оқырман Анар
      Оқырман Анар 10.02.2022 15:21
      2 + 2 -
      Өлеңіңіздің текстін алуға рұқсат па?
    2. Оқырман Диана
      Оқырман Диана 13.02.2022 01:26
      2 + 0 -
      Саламатсызба! Тапсырысты қалай беруге болады?
  8. дос еске алу
    дос еске алу 07.11.2021 03:38
    3 + 0 -
    Адамның өмірінде «дос» деген ұғым бар. Жынысыңды, тегіңді, туысыңды Алла тағала маңдайыңа жазып берген екен, ал дос пен жар таңдауды құлының қалауына қалдырған. Әрбіреуіміздің өмірімізде талай достар кездесті. Балалық шақ, мектеп, студенттік кезең қайсы бірімізге достар ұсына білді. Бір досыңа сырынды ақтарсан, енді біреуімен рухани дүниеңді байытасын.
    Осының ішінде балалықтан қалған достың орыны бөлек екен. Сондай достардың бірі – Тілек Аманжолұлы. Тілек – қиялшыл, арманшыл жан еді. ҚарМУ-ға 1998 жылы бағымыз жанып, оқуға түстік. Ол «саясаттануды», ал мен болсам «география» мамандығын таңдадым. Студенттік өмір осылайша басталды. Қарағанды шаһарында талай сырларымызбен бөлісіп, ал ауылда айлы түндерде жұлдыздарға қарап, әлемнің құпиясын өзімізше ашып қиялға ерік беретінбіз. Жүректе жасырын сыр жатпайтындай бір-бірімізге адал дос болдық. Тауға шығып, балалық шақтағы оқиғаларды айтып отыратынбыз. Ол өте қиын сынақтарды басынан кешірді. Дүниеге әкелген ата-анасынан, тәтесінен, туған әпкесі мен немере ағасынан да айрылды. Ішіндегі шерін ақтарғанда анасын сағынудан бастайтын. Мен талай рет жұбатып, басу айтатынмын. Сол досым белгісіз себеппен 2002 жылдың 29 маусымында бұл фәниге қош айтысып бақилық болды. Неге? Не үшін? деген сұрақтар жауапсыз күйінде қала берді. Төменде досымды сағынышпен еске алып, сол жылдары шығарған өлеңімді жариялап отырмын.

    Айлы түндерде жұлдызға қарап, сырласушы едік, жан құрбым.
    Арманың сенің сансыз көп еді, бар еді әлі тағдырың.
    Қалайша достым өмірден мынау, өзіңді-өзің қызғанып,
    Ақылға сыймас жұмбақ күйінде, қыршында кетті ғұмырың.

    Өмірдің мынау қатал заңына төзіп-ақ жүр ғой талай жан,
    Күл-қоқыс кезген, үйсіз жандарда өмірден ләззат алалған.
    Сол жандар сеннен бақытсыз еді, адами өмір таба алмай,
    Тіршілік үшін амалсыз сірә, ит тірлік күнге баралған.

    Қатыгез қоғам қыспаққа алса, шыбын жан өмір қиылар.
    Бақытын таппай тұншыққан жандар, әр түрлі отқа ұрынар.
    Білемін сенде жанашыр жақын қыршында кетіп жатқанда,
    Бақытты армандар табанда жатып, қайғыдан сірә құрыған.

    Айтарың сенің анашың еді, жылапта талай мұң шақтың.
    Көз жасын толған сағыныш еді, анаға деген құшақтың.
    Бақытты таппай адамзат кешкен, ғажайып жарық әлемнен,
    Достым-ау неге? атыңа жалғар «марқұмды» қосуға асықтың.

    Артыңда қалған қарындас, інің, қамқоршы аға деп жүрген,
    Өзіңде талай армандап едің, соларға көмек берер ем.
    Әттең-ай менде байлық, бақ жоқ қой, әйтпесе үйтем-бүйтем деп,
    Армандар сәтін ғажап-ақ еді, қара бұлт мәңгі төңбеген.

    Басыңа бардым, құлыптас сенің мәңгілік кеткен айғағың.
    Көк тасын өрлеп қарға адым жерден, қоршап-ап жатыр аймағын.
    Қара жер көрпе ұсынып жатса, құдайдың ісі деген бар,
    Сондықтан достым не шара менде, жәннәтта болсын жас жаның!
  9. досымды еске алу
    8 + 0 -
    Мекенiң-Жұмақ,

    Мiңгенiң-Пырақ,

    Караңғы үйің-Жарық болсын,

    Асыл Досым...

    *******************************************************

    3 жыл, 5 ай өтті көрмегелi Өзіңдi.

    Еске аламын жарқылдаған Жүзіңдi.

    Қойны суық қара жерге бере алмай!

    Сағыныштан ет Жүрегім езiлдi.

    62 тамырын иiп, сені емізген.

    Шығарма естен бала-баласы Анаңның.

    Амал барма Құдіреті Күштi Құдайға

    Не iстерiн Алла бізден сұрай ма?

    Асыл досым! Ақ жүзіңдi Сағынамын!

    Алланың жазғаны ғой не қыламын!

    Сонда да ойлай - ойлай нұр жүзіңдi

    Ата ана, дос жаран боп Еске аламын!

    Қоңыр Күзде туған күніміз болатынды!

    Бiрге тойлап батушы едік думанға!

    Сенің туған күніңде мұңға батып.

    Тойламайтын боп алдым туған күнді.

    Тағдырдың төзіп сынағына!

    Жоғалтып сені Досым Жыладым да?

    Өмірдің биiгiнен құлап қалып?

    Сен ұйқыға кеттің мәңгі оянбас.

    Армандарың үзілді кеп тоя алмас

    Өкінішті өксiк болдың қоя алмас

    Сен бастайсың болашақ менің көшіме

    "Рухыммен жебеймін"-,деп өзіме.

    Хақ жүректің төрiне мен жерледім

    Нұрлы бейнең мәңгілікке есімде

    Жан Досым! Қимас Досым белестесiң

    Көкіректің төрінде елестесiң.

    Ұмытпаймын өмір бойы бейнеңдi

    Мекенің Жұмақ болсын Ардақтым!



    Алтын Жолдыбайқызы
  10. баламды еске алу
    0 + 0 -
    Автор: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
    Мен қалдым қайғы-қасірет қапасында
    (Әбділхамит есімді үлкен баласы өлгенде)

    Аталық ақымды мен кештім, балам!
    Өкшелес өзімменен өстің, балам!
    Халқыңа хабарыңмен қамқор болып,
    Сәуірдің самалындай естің, балам.
    Жасыңнан жақсылармен жолдас болып,
    Татауын талай істің шештің, балам.
    Азуы алты қарыс арыстанмен,
    Айбынбай, сыбағанды жестің, балам.
    Қызметке қандай киын бұйырсам да,
    Бел буып, "Болады!" - деп жостың, балам.
    Шаңнан - шаң шал әкеңе кездескен соң,
    Теңізін уайымның кештің, балам!
    Еңбегің ондай еткен ойға түссе,
    Білмеймін қайда екенін естің, балам.
    Жылында мың тоғыз жүз тап отыз үш,
    Жасында отыз екі көштің, балам.
    Тілеймін талауат қып Кәләм Алла,
    "Болғай, - деп, - Мүңкір-Нәңкүр — достың, балам".
    Шара не, санаулы дем сарқылған соң?
    Мезгілсіз бұл дүниеден бостың, балам.
    Ініңе — Әбілғазиз, Әбділхаймен
    Көз жұмып, өзіңді-өзің қостың, балам.
    Үшеуің ойға түссең, ендігі күн,
    Көрінеді мысалында кештің, балам.
    Көрсетпей дидарыңды ең болмаса,
    Орасан оң бүйірімді тестің, балам.
    Бұзылмас бөгет болып, бұл шамада,
    Арнадай ақылымды кестің, балам.
    Етпеттеп ертелі-кеш жата - жата,
    Қанады қабажағы төстің, балам.
    Амал жоқ, тәнті болып төзбесіме,
    Уақытсыз өкпе, бауырымды остың, балам.
    Қалдырып қайғы-қасірет қапасында,
    Шамдай-ақ самал тиген ештің, балам.
    Атаңа анаң менен орын сайла,
    Ол жақта болса уақыты қоштың, балам.
    Біздерге күн ілгері көш басшы боп,
    Жиналып жетеуің де тостың, балам.
    Үкіміне Саттар Хақтың сабыр айлап,
    Пұшпағын бекітейін местің, балам.
    1933
  11. Оқырман Зарина
    Оқырман Зарина 27.10.2021 01:21
    3 + 0 -
    Жакынымыз жаннан кетсе мәңгілік,
    Жадымызда калганменен жаңғырып.
    Сағынамыз, саргаямыз, іздейміз,
    Білдіреміз бірде жыр кып, ән кылып.

    уатсап - 77711088488
    1. Есімім Алуа
      Есімім Алуа 05.11.2022 00:23
      1 + 1 -
      Ата Әже туралы шығарып бере аласыз ба Еске алу лар
  12. әкені еске алу
    әкені еске алу 11.10.2021 01:48
    5 + 2 -
    Менің тұңғиығы таусылмайтын мәңгілік сағынышым....
    4 июль мен үшін Асқар тауым шағылып, жүрегімнің бұлшық етінің шымырлап, төбемнен аспан айналып жерге түскен күн. Асыл адамым бұл өмірде бізді тастап келмеске кеткен күн. Мәңгі сағындырған күн. Аспаннан күлген күн түнеріп, қара бұлт жапқан күн. Алқымымды қысып, жүрегім жарыла жаздаған күн. Көзімнен қуаныштың емес, қайғыдан қан төгілген күн. Акеге деген сағынышым артып, боздап, жоқтаған күн. Еңіреп еңсем түсіп өкінген күн. Анашымның аңырап сыңарын жоқтаған күн. Менің қорғанымды іздеп қамалған күн. Айналайын деген сөзге ендігі өмірде зар болып өтетінімді білген күн. Төрт құбыламның бірі шағылған күн. Айта берсе жердегі тіршілік жоғалып кеткен күн. Аласұрып дәрі таппай қиналған күн. Тапқан дәрімнің дәрменсіз екенін білген күн. Аллахтың ұлық екенін білген күн. Қаншама армандар мен мақсаттарға балта шабылған күн. Өкінішім өзегімді өртеп, сағыныш әлеміне мәңгілік бойлаған күн. Бұл күн мен үшін мәңгілікке ӘКЕмді жоғалтып алған күн. Әке деген асыл ұғымды, асыл қазынаны жоғалтып алған күн.°°°°°





    °°°°°°°°°°°°° Әкеге сағыныш°°°°°°°°°°°°




    Сағыныштан көзден ағар тамшы нұр,
    Келте қысқа жеткізбитін қамшы өмір.
    О,дүние мен бұл дүниенің арасын,
    Байланыстырар пенде деген жаршымын.

    Ешкімнің жоқ білем бірақ таласы,
    Тағдырымның болып тұрад аласы.
    Жүрегіме жара болып қадалған,
    Асқар таудай ӘКЕШІМНІҢ қазасы.

    Әке-Ана баласының данасы,
    Асыл көздің ағы менен қарасы.
    Бәрін көрер қарасынан айрылып,
    Анашымның болмай жүр-ау шарасы.

    Жүк түсіріп ойда жоқта төбемнен,
    Ойландырып қойды мені тереңнен.
    Тағдыр мені осылайша сынамақ,
    Алланың дегеніне көнеммен.

    Сағынамын кей-кездерде бірақ мен,
    Сіз бар жерде биіктерден құлап пем?
    Сіз бар жерде еңсем түсіп жылап пем?
    Құламадым,жыламадым еш қашан,
    Маңдайдағы жарқыраған шырақты ең!!!
  13. Әріптесті еске алу
    0 + 1 -
    Тал бесіктен тәлімді тәрбиені бойына жиып, жас та болса бастамашыл, іскер, білімді әрі жаңашылдыққа жаны құмар дос, бауыр, әріптес Ерғали Қапаловтың дүниеде өткеніне бір жыл өтіпті, – деп асыл азаматты еске алады Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы. Бойына жиған қасиеті мен қабілеті арқылы аз ғана уақытта өзі қызыққан ғылым саласына, қызмет еткен ортасына, туған мекен мен өлкесінің дамуына теңіз тамшысындай қосқан үлесі мәңгілік есте қалады.
    «Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
    Өлмейтұғын артында сөз қалдырған…»
  14. Оқырман Рахим
    Оқырман Рахим 29.05.2021 15:28
    5 + 0 -
    Анашымнын кулпы тасына олен керек еди
  15. Дулат Сакимбаев
    15 + 5 -
    Өте дұрыс және мағыналы жазылған екен. Өленіздін текстін алуға бома?
  16. Назарбек Кайырбеков
    4 + 2 -
    Кушти магналы жазылган екен
  17. Назарбек Кайырбеков
    4 + 3 -
    Оленизди алуга болама
  18. Торгай Табылдина
    1 + 1 -
    Рахмет
  19. ZHARAR
    ZHARAR 13.06.2019 22:58
    5 + 3 -
    дереккөзімен болады
  20. Торгай Табылдина
    5 + 0 -
    Өлеңдеріңіз мағыналы екен, алуға болама?