Астана қаласы

 Астана қаласы

Сіз туған күн думанымыз!

Сіз туған күн думанымыз!
Елден ерек жаралдыңыз,
Қазақ болды құраныңыз,
Ұлтым болды ұраныңыз.

Қайырмасы:

Сіз туған күн! Сіз туған күн!
Қазағымның болашағы,
Еркіндігі, азаттығы,
Дербестігі, бостандығы,
Ел ордасы, бас қаласы,
Астанасы туған күн!

Сіз туған күн думанымыз!
Сайланбалы хан болдыңыз,
Халыққа аға, бас болдыңыз,
Ұрпаққа үлгі жан болдыңыз.

Қайырмасы

Сіз туған күн думанымыз!
Келісім, бірлік туларыңыз,
Еңбек, білім пайымыңыз,
Бейқұт заман мақсатыңыз.

Қайырмасы

Сіз туған күн думанымыз!
Жер ортасын дәл таптыңыз,
Ел ордасын орнаттыңыз,
Мәңгілікке қалды атыңыз.

Қайырмасы
Сөзі: Б.Р. Кенішбаев


Астана дүниенің кіндігі болады әлі!

Кейбіреулер қазақты көре алмайды.
Кей кезде қазақтар өзін өзі табалайды!
Сондайлар жиылып ап, ай-шулайды:
«Қазақтар мемлекет құра алмайды,
Қазақтар жаңа астана сала алмайды,
Білімі жоқ, бостан босқа айқайлайды».

Естіген соң осы сөзді, ұлты жайлы,
Елбасы намыстанып ұрандады!
Қасына ұландарын жиып алды.
Қазақтың кең даласын шолып келді.
Елін, жұртын бажайлап, сынап келді.
Жағыдайды көзімен көріп келді.
Еркіндікті әрқашан аңсап жүрген,
Ұлтының күштілігін сезіп білді.
Қиындыққа ешқашан мойымайтын,
Халқының қасиетін анық білді.
Қазақ ұрпағының болашағын,
Келешегін біліммен көріп білді.

Елбасы белін енді бекем буды.
Қазақты ынтымаққа шақырды енді.
Қазақты жиып алып жеке ел қылды.
Қазақты ұйым қылып, мемлекет құрды.
Жер-жерде жарқыратып қала салды.
Аңсалған бұрынғы, заманнан бағзы,
Бабалар армандарын орындады!

Елбасы кемеңгер, көріпкелді!
Ақылмен, болашақты болжап білді.
Алтындай Сарыарқаның ортасынан,
Есілдің гүл жайнаған жағасынан,
Нұрланған болат қазық тұрақ көрді!
Өшпейтін сәулесі бар шырақ көрді!
Бас қала болатұғын мекен көрді!
Елорда бой көтерер жерді көрді!
Ақорда тұратұғын стан көрді!
Бәйтерек, асыл тұқым ағаш көрді!
Ұл мен қызы ақылды Қазақ көрді!
Бірлігі берік, мықты ұлтын көрді!
Ынтымағы жарасқан елін көрді!
Ұрпағы ойшыл, білімді халқын көрді!
Жастары бақытты жұртын көрді!
Сол жастар мініп жүрген пырақ көрді!
Сол жастар қол жеткізген байлық көрді!
Ағы мол, жолы хақ бұл қаланың,
Астана боларына кәміл сенді!

Елбасы асар қылып, ел шақырды,
Құдайым, халық қолдап қала салды.
Дүниеде теңдесі жоқ құрылыс болды.
Астанасы, Қазақтың елордасы
Әлемдік деңгейдегі қала болды.

Астана күннен күнге құлпырады.
Ортасында «Бәйтерегі» алтын шарлы.
Шатырлардың шатыры «Хан Шатыры»,
Көргенді әлемдегі таң қылады.
«Нұр жолында» қасиетті нұр шашады,
Елбасының киелі Ақордасы.
Әлемдегі дінменен, халықтарды,
Бейбітшілік, келісімге ақ сарайы,
«Пирамида» Қазақтың шақырады.
Күн көзінде шарықтап жарқырайды,
Алтын құс – «Қазақ елі» самұрығы.
Күмбезінде сарайлардың қалықтайды,
Желбіреп Қазақ туы, көк байрағы.

Астана күннен күнге құлпырады.
Елорда айдан айға жаңғырады.
Бас қала жылдан жылға дамиды әлі.
Небір керім Қазақтың сарайлары,
Үйлері, ғимарат, пәтерлері,
Астанада әлі талай салынады.
Жандарды таң-тамаша қылады әлі.
Керемет Астана сарайлары,
Бауменен, бақшалары,
Көшелері, мекенжайлары
Адамзаттың игілігі болады әлі.
Қазақтың білімді ұрпақтары,
Астанасын Қазақтың, бас қаласын,
Дүниенің кіндігі қылады әлі!

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев


Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.

Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.

Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын
Елбасым тұр ұстап.

Астана – Отаным, туған жерім,
Өркендей бер, алға қарай ұмтылып.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан срай, сан арман,
Елбасы тілегі, елімнің жүрегі, Астана!

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентіндегі ЖОББ мектебінің
6 «Б» сынып оқушысы Жұмағали Аяулым


Астана

Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.
Баянды бақытымның бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ арман...

Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.

Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,
Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.
Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің
Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.

Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,
Қашанда еркіндіктің құны басым.
Керіліп кербез далам көсіледі,
Сезініп бостандықтың шұғыласын!

Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.
Бірлікті байрақ етіп болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!
Қалқаман Сарин


Астана – арман қала

Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.

Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.

Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.

Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.

Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.

Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,

Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.

Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.

Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
Автор: Махмұтбай Әміреұлы


Астанам - бас қалам

Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Қазағымның қашанда асқақ әні,
Астананы айшықтар жастар әлі.
Салып берген Нұрағам нұрлы жолмен,
Болашағым бүгіннен басталады.

Көкорай шалғын,көк белді,
Еске алсаң сонау өткенді.
Қазағым менің қайысып.
Қиыншылық бастан көп көрді,

Өткеннің енді бәрі артта қалды.
Жырлайын Астананы,бас қаланы,
Ертеңім бүгінімнен басталады,
Елімнің мақтанышы-асқақ әні.

Астананың шырқалсын асқақ әні,
Өзіңде туып-өскен жастар жалын.
Ертеңі кемел елдің келешегі,
Ертеңім бүгінімнен басталады.
Гүлсана Тілеубекова

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: астана туралы олен стихи өлең казакша, астана каласы туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему астана на казахском языке скачать, астана қаласы туралы олен стихи өлең, олен стихи өлең казакша, казакша, олен стихи өлең, астана каласы, олен стихи өлең олен стихи өлең на тему астана, астана туралы олен стихи өлең, Қазақша олен стихи өлең: астана туралы казакша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про астана город, астана туралы казакша олен стихи өлең қазақша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про город астана, на казахском языке скачать, скачать, на тему астана, астана туралы, қазақстан қалалары туралы олен стихи өлең, казакстан калалары туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, олен стихи өлең на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, олен стихи өлең на тему казакстан калалары, города казахстана олен стихи өлең на казахском скачать, астана қаласы туралы өлеңдер, astana turaly olen stihi өleң kazaksha, astana kalasy turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu astana na kazahskom yazyke skachat, astana қalasy turaly olen stihi өleң, olen stihi өleң kazaksha, kazaksha, olen stihi өleң, astana kalasy, olen stihi өleң olen stihi өleң na temu astana, astana turaly olen stihi өleң, Қazaқsha olen stihi өleң: astana turaly kazaksha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro astana gorod, astana turaly kazaksha olen stihi өleң қazaқsha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro gorod astana, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu astana, astana turaly, қazaқstan қalalary turaly olen stihi өleң, kazakstan kalalary turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, olen stihi өleң na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana olen stihi өleң na kazahskom skachat, astana қalasy turaly өleңder