Орал қаласы

 Орал қаласы

Көк астында бір алып,
Көргенімде Оралды.
Көк вагонда ырғалып,
Көкірегімді жыр алды.

Жатты Орал жиһанның,
Мырзасындай береген.
Әр өлкесі Отанның.
Ғажап еді не деген!

Тау жүрегін соқтырып,
Жатыр алуан зауыттар.
Құрыш құйған отты үріп
Онда батыр халық бар.

Бөктерінде көк егін,
Жатыр колхоз қарық боп.
Шіркін, Орал көлемін,
Құшар ма едім алып боп!

Ақты пойыз, найзағай
Тізбегіндей түндегі.
Ай астында айнадай,
Кетті тартып ілгері.

«Жігіт, жырың беріп кет»,
Дегендей бір сөз тастап.
Қапталдасып еріп кеп,
Қалды Орал алыстап.

Ғафу Қайырбеков


Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.
Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Асқар Орал - кәрі Алып күзет тұрған,
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
Денесі - тас, қарағай - қою мұрты,
Оң мен сол, түстікке ол мұртын бұрған.
Қарамай еш нәрсеге көзім тоқтап,
Келіп ем алыбымды аңсап-жоқтап.
«Ұйқы - дұшпан» деген сөз дұрыс екен,
Сол Алыптан етіппін түнде ұйықтап.
Кеш, Алыбым, жүзіңді көре алмадым,
Алдында иіліп сәлем бере алмадым.
Амал не, cap даладан сақ елші боп
Күзеттегі Алыпқа келе алмадым.
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Өлім - түн, өмір - гүлді Гун даласы.
Өмір менен өлімнің шекарасын
Ұйықтап озбақ ежелден жер баласы.
Екі дүние: күн мен түн, өмір - өлім,
Бірі - бесік, біреуі - даяр көрің.
Бала болып жата бер бесігінде,
Cap даланың еркесі - қазақ елім.

Мағжан Жұмабаев


Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым менің, Оралым!
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойнында
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Өмірдің алтын кесесін
Тосқанмын айдың нұрына.
Кезгенмін Совет көшесін,
Кеудемді ашып құрбыма.
Сонау бір шетте сонау үй
Кетер ме, сірә, көңілден?
Алушы ед тартып мені ылғи
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды - жас терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Жүр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап үйге еніп?..
Сағындым сені, Оралым,
Күндер жоқ бейбіт бұрынғы.
Келгенше қайтып оралып,
Алып қал осы жырымды.
Сіркіреп жаңбыр жауғанда
Байқарсың өзің анықтап.
Жаным бір жүзер ауаңда,
Ауанда сенің қалықтап.
Қош болшы енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда!
Айтпақшы, қайда бораның?
Кетейін алып майданға!

Қасым Аманжолов


Желбіретіп туын тіккен мың батыр,
Бұл қалада ғасыр бүккен сыр жатыр.
Бой көтерсе жер астынан қалашық,
Жайықтың да мерейі асар күн жақын.
Маңдайынан Күн сүйеді даланың,
Белесі де қабағындай дананың.
Бұл Оралға түк емес қой төрт жүз жыл,
Сегіз ғасыр тарихы бар қаланың!
Бұл арада жатыр қанша дарындар,
Ару да өткен алтын алқа тағынған.
Шықты және Өзбек ханның ақшасы,
Қалашықты қазған кезде ғалымдар.
Ел жадында бабалардың жорығы,
Кесенемен көмкерілген қорымы.
Ақ Жайықтың тірілткендей тамырын
Алтын орда қаласының орыны.
Көші, міне, түзелердей қоғамның,
Шүкіршілік ету керек соған мың.
...Әр төбесі таудай болып қазақтың,
Мәртебесі аса берер Оралдың!

Ғайса-Ғали Сейтақ


Бірінші өлең
Өз елім, қайда болсам да
Кең байтақ
совет елінде.
Өз үйім - қайда қонсам да,
Жат жер жоқ совет жерінде.
Ішінде тек-ау
солардың
Туған жер дейтін бір жер бар:
Сондай жер менің Оралым,
Оралым - Жайық өр
көкжал.
Басталған өшпес өзегі
Орыстың
жомарт жерінен.
Осынау өрен өзенді
Көрмесем
жылда зерігем.
Осы жер еді ораған
Құндақтап
мені жер көкке
Осында алғаш
қарағам
Таңырқап жұмбақ
жер-көкке.
Гүл жайнап
қызыл галстук,
Балалық өтті
осында.
Осында көзге әлі ыстық
Жастықтың тұңғыш
досы да.
Түсінгем алғаш
сол жерде
Кеңдігін мендік
Отанның,
Осында, нәрі
мол жерде
Өркенім өсті, от алдым.
Мәңгілік жасыл емендей.
Саясын берді Отаным.
«Орал да осы, - дегендей, -
Менің бір берік бұтағым».
Екінші өлең
«Оралым» десем, ойыма
Келеді тағы бір келін;
Ұлы ақын Жайық бойында
Жолаушы келін жер кезген.
Ол кезде Орал - қалашық,
Көшесін шаң мен құм басқан.
Кұйынын көкке
ала ұшып.
Соғатын желі тынбастан.
Аралай
қапас көшені
Келеді Пушкин
жай басып.
Заманның
ауыр кеселі
Мұнда да тұрды жалғасып.
Шығарады
бір ащы үн
Даланың мұңын
шерткен жол,
Күткендей дауыл Пугачевтың
Дүмпуіл оты жеткен жер.
Базарда жаңа бай қазақ
Жатқанда сабап жалшысып,
Бір орыс барып, әй, ғажап,
Жұлып кеп алды қамшысын.
Желдің де Пушкин ызыңын,
Тыңдайды енді ұққандай,
Тыңдайды қазақ қызының
Мұң-әнін жақын тұтқандай.
Қолында ұлы
ақынның -
«Қозы мен Баян» дастаны,
Секілді қазақ халқының
Жүрегін
досқа ашқаны.
Әні де қазақ қызының
Тағдырға кінә таққандай,
Арманда Баян, Қозының
Ақынға зарын шаққандай.
«Әнімді, - ден ол келгендей, -
Жанашыр адам тыңдасын».
Акын да содан
көргендей
Татьянаның мұңдасын.
Жұбатып оймен сол қызды
Келеді ақын күбірлеп:
«Туады бақыт
жұлдызы,
Тұрады
елің күлімдеп!»
Осылай жүрген Ортада
Пушкинді болжап көремін.
Жолаушы еді ол онда,
Жанына түйген өлеңін.
Жолаушы емес ол енді,
Қаламның тұрғын
адамы,
Саңқылдап өлмес
өлеңі,
Шарлайды азат
даланы.
Өзгеше бүгін Орал да,
Білмейді мұңды
қыз әнін,
Қалашық емес, зор қала -
Қаласы еркін музаның.
Жарлы орыс, жалшы қазақ жоқ.
Дәулетке қарық достар бар -
Құлдықтан
мәңгі азат боп,
Тағдырын
мәңгі қосқандар.
Ақынды енді әркім
де
Әр үйден күнде көреді;
Сөйлейді Пушкин бар тілде,
Бар тілде дана өлеңі.
Үшінші өлең
Бар ма Оралда айларында көктемнің
Гүл алаңы жанынан бір өткенің?
Чапаевтың ескерткішін көріп пе ең.
Сол алаңнан, үйі алдынан обкомның?
Отыр едім зәуде соның Түбінде,
Жалт қарадым тосын шыққан бір үнге.
- Сәлем,
батыр! - деп қарт қазақ көк қасқа
Тәжім
етті, тебірену бар түрінде.
Сөйтті де
оны шыр айнала қарады.
Таныс жүзді тастан іздеп жанары.
Көре алған
жоқ бар тұлғасын батырдың,
Түр мүсіні тек кеудеден жоғары.
- Ескерткішті
көру еді бір ісім,
Түу
ауылдан арнап келдім бұл үшін.
Тірідегі тұлғасымен Чапаев
Тұрса деп
ем ұстап алмас қылышым.
Тұрса деп
ем ер Фурманов қасыңда.
Комиссарды көргем
жігіт жасымда...
Солар еді жазығында Жайықтың
Көкірегін тосқан
дауыл, жасына.
Соны айтып қарт
тағы ұзақ қарады,
Таныс жүзді тастан іздеп жанары.
Көре алған жоқ бар тұлғасын батырдың,
Түр мүсіні тек кеудеден жоғары.
- Саған қалай?
- деп менен қарт сұрады,
Сыр бермедім, сын секілді сұрағы,
Оның ойын скульттор
емес тек,
Ақындар да жеткізе алмай жүр әлі.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: орал уральск туралы олен стихи өлең казакша, орал уральск каласы туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему орал уральск на казахском языке скачать, орал уральск қаласы туралы олен стихи өлең, олен стихи өлең казакша, казакша, олен стихи өлең, орал уральск каласы, олен стихи өлең олен стихи өлең на тему орал уральск, орал уральск туралы олен стихи өлең, Қазақша олен стихи өлең: орал уральск туралы казакша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про орал уральск город, орал уральск туралы казакша олен стихи өлең қазақша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про город орал уральск, на казахском языке скачать, скачать, на тему орал уральск, орал уральск туралы, қазақстан қалалары туралы олен стихи өлең, казакстан калалары туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, олен стихи өлең на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, олен стихи өлең на тему казакстан калалары, города казахстана олен стихи өлең на казахском скачать, орал уральск қаласы туралы өлеңдер, oral uralsk turaly olen stihi өleң kazaksha, oral uralsk kalasy turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu oral uralsk na kazahskom yazyke skachat, oral uralsk қalasy turaly olen stihi өleң, olen stihi өleң kazaksha, kazaksha, olen stihi өleң, oral uralsk kalasy, olen stihi өleң olen stihi өleң na temu oral uralsk, oral uralsk turaly olen stihi өleң, Қazaқsha olen stihi өleң: oral uralsk turaly kazaksha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro oral uralsk gorod, oral uralsk turaly kazaksha olen stihi өleң қazaқsha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro gorod oral uralsk, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu oral uralsk, oral uralsk turaly, қazaқstan қalalary turaly olen stihi өleң, kazakstan kalalary turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, olen stihi өleң na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana olen stihi өleң na kazahskom skachat, oral uralsk қalasy turaly өleңder, орал қаласы туралы өлең, орал туралы өлең