file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Төлеген Айбергенов (Алматыға)

 Төлеген Айбергенов (Алматыға)

Жүрегіме жақын сенің есімің,
Әкем десем, анам десем несі мін.
Жарқыраған көк тасында көшеңнің
Ізі қалған Сәкен бөтеңкесінің.
Жамбыл жыры аспаныңда жаңғырып,
Әуеніне кетті әлемді таң қылып.
Алатаудың ақ шыңдары Күләшша
Күләш әнін қайталайды мәңгілік.
Жасыл барқыт жапырағы бақтардың,
Саяңда жүр қүрбылары Саттардың.
Осындағы талай залдар куөсі
Иса еліне жыр тыңдатқан шақтардың.
Беу, Алматым, тұра алам ба сүйе алмай,
Келемін мен, келемін мен қиялдай.
Жас қаламым дірілдейді қиналып,
Сен жайлы жыр ақ қағазға құя алмай...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру