file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Төлеген Айбергенов (Бақшаға саяхат)

 Төлеген Айбергенов (Бақшаға саяхат)

Қаласың кірсең бір жасап,
Тұра алмас бақтар сыр бүгіп.
Сал самал өнін шырқаса-ақ
Шыға бір келер дүрлігіп.
Думанға толы өмірің,
Есіңе түсер мүндайда.
Шаңқобыз тартып көңілің.
Айналар кеудең сырнайға.
Жаныңда тулап ағындар,
Қуаныш шоғын жайнатар.
Тереңдеп кеткен тамырлар,
Терең ой саған ойлатар.
Күзетіп құба таңдарды,
Көзіне күміс шық тосқан,
Сүйем мен талма талдарды,
Табанын жерге нық басқан.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру