Мұқағали Мақатаев (Елім барда)

 Мұқағали Мақатаев (Елім барда)

He сыйлайды, не береді келер күн?!
Не де болса, тірі тұрсам, көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар — менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым — ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты!

Дәнеңе де сыйламасын келер күн,
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім тұғырында тұрса екен,
Әрі қарай... Әрі қарай көрермін...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Динара
    Оқырман Динара 04.02.2023 20:26
    2 + 0 -
    ....
  2. ЭСКАНОР
    ЭСКАНОР 07.11.2022 17:11
    2 + 0 -
    Керемет ?
  3. Сымбақ
    Сымбақ 10.02.2021 15:27
    4 + 2 -
    Керемет бірақ желідегі сөзін түсінбедім
  4. Жана
    Жана 04.02.2021 10:15
    10 + 2 -
    Рахмет
  5. ХАЛИМА
    ХАЛИМА 16.12.2020 14:18
    2 + 4 -
    Туманбай молдагалиевтин туган елим деген алендер барма?