Мұқағали Мақатаев (Ауғанбай)

 Мұқағали Мақатаев (Ауғанбай)

Қару орнына қамшы алып,
Жол жүрдік біздер қаншалық.
Қанымыз кеуіп, тамсанып,
Бұлақтың суын аңсадық.
Қауымға қарап, жар салып.
Қоныс іздедік, жан салып,
Ақыры біздер шаршадық.
Қалмағы шауып бір өтті,
Қалғаны шауып бір өтті.
Ұйыған сүттей қайран ел,
Бас ауған жаққа дүр етті.
Қармадық босқа түнекті,
Таппадық тұтам тіректі.
Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай,
Еш нәрсеге де таңданбай,
Еш нәрсеге де алданбай,
Дүние жиып, малданбай,
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру