Мұқағали Мақатаев (Басыма менің, бақ, қондың)

 Мұқағали Мақатаев (Басыма менің, бақ, қондың)

Орынсыз ойнап, күлгенде,
Опық жеп талай жүргенде,
Басыма менің, Бақ, қондың,
Байқаусыз шақта, бірдемде
Боларын бұлай білгем бе?!
Іздесем, рас, іздедім,
Елімнің кезіп түздерін,
Теңіздерін де жүзгемін.
Жабықтырып та кететін,
Жаздарым, талай күздерім.
Көрдің бе соқпақ даладан?
Сол менің сандал іздерім.
Бағым ба деп те қарағым,
Тырналардың да тізбегін,
Қалдырып содан санадан
Біржола үміт үзгемін.
Ақыры, мына, Бақ қондың,
Баянсыз емес нақ қондың.
Қастарымменен қақ бөлдім.
Достарым, бірақ жоқ болдың
Жалғыздық деген құрғырға
Бақ қонды-дағы тап болдым...
Бақыт-оу, бақыт, ерекеің!
Дүниеге тегіс сені ексін.
Тірлікке мынау қорексің,
Жалғыздық деген құрғырға
Несіне, жаным, керексің?!
Қонбай-ақ қойшы, қор өтсін!!!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру