Мұхтар Шаханов (Жетінші түйсік)
Yйленiп отау көтердiң, мiнеки, сен де, бала қаз,
Тiрлiктен, бiрақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгiл қасқыр қасқырмен,
маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңiн тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
Ойың мен iсiң - жаңғырық, кейде оған түйсiк жетпейдi,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейдi.
Күнделiк құмар сезiмдi өрiлгенi үшiн отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, бiртуар махаббатпенен.
Алдану, сiрә, түк емес, бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Yйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ қана.
Ата-анаң, үрiм-бұтағың, бәрi де сенi тұр қолдап,
Бастысы - сұлу жұбайың өзiңе ертең кiм болмақ?
Махаббат - қайсар заңғар шың,
кез келген өрлей алмаған,
Он мыңнан, бәлкiм, екi адам үмiтiн зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеуденi жалғыздық дертi торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.
Тұрмыстың түрлi сынынан сүрiнбей өттi десе де,
Жұбайың досың бола ма?
Мiне, бұл - басты мәселе.
Не бермек тәннiң одағы?
Жаныңа жаны қосылмау -
Бұл - нағыз бедеу қасiрет, қосылмау деген - ашылмау!
Гүл болып ашылмағанның тiлегiн кiм бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезiмi шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар - жалынсыз, сәнсiз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудiң бiрi - бақытсыз.
Сондықтан махаббаттың да сырт санын
құрайтындар көп,
Жәй көзге күлiп жүргенмен, жасырын
жылайтындар көп.
Тағдырдан қашу мүмкiн бе,
жүрсең де қандай жолменен,
Бiр мәндi сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:
"Жұбайың досың болды ма самғатқан сенiм шырайын,
Нақ сондай ұлы бақытты бердi ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзiнде сезiм мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетiншi түйсiк арқылы?
Ұқпаса... ісiң секiлдi дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсiну жоқ кезде махаббат та жоқ.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке, отбасы өлең жолдары, отбасы туралы өлең жолдары, отбасы туралы тақпақтар жинағы, отбасы туралы тақпақ, отбасы мүшелері туралы тақпақтар, отбасы туралы өлеңдер тақпақтар, отбасы туралы такпак балаларга, отбасы туралы тақпақ казакша, жануя туралы такпак казакша, отбасы жанұя туралы тақпақтар, стихи на казахском языке о семье, отбасы күні тақпақ, отбасы туралы өлеңтар жинағы, отбасы туралы өлең, отбасы мүшелері туралы өлеңтар, отбасы туралы өлеңдер өлеңтар, отбасы туралы олен балаларга, отбасы туралы өлең казакша, жануя туралы олен казакша, отбасы жанұя туралы өлеңтар, отбасы күні өлең, отбасы мүшелері туралы өлеңдер, отбасы туралы өлеңдер, отбасы жанұя туралы өлеңдер