file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мұқағали Мақатаев (Егістікке)

 Мұқағали Мақатаев (Егістікке)

— Әзер шығып, әлсіреп күн батады,
Тұмау тиіп қалған ба Күнге тағы?!
Амандығын сұраспай бір-бірінің,
Осылай деп екі қарт үн қатады.

Жаз аспаны жабыңқы, түнеріп түр,
Жатыр дала шаңытып, күреңіп қыр.
Аузын ашып шөлдеген аңызаққа,
Сәл-пәл тамшы сараң бұлт жіберіп тұр.

Түңліктенген қара бүлт түнеріп кеп,
Ауыр қару атылды, үдеріп көк.
Шатыр-шұтыр шатынап аспан кетті,
Жауыны мен жасынын жіберіп тек.

Тамашалап ашуын, жасынын да,
Ата жердің ажары ашылуда.
Тұмауратқан күн келіп егістікте,
Екі қартқа еңіреп бас ұруда.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру