Ерлан Ахмет (Анашым, кешір)
Анашым, кешір!
Жалғыздық – мендік парық-тын,
айық күн асты кешіппін күйін ғаріптің.
Қайраңда қалған қайықтай қаңсып, қаусаған
көңілді арбап,
өзімді алдап жалықтым.
Анашым, кешір!
Ұмыт боп бүгін күлкісі,
әкемнің ерте таратып бергем жыртысын.
Тауым шағылып,
сағым сынғанда іздеймін,
алмасып жатыр айырмай жүрген өң-түсім.
Анашым, кешір!
Ажалдың алдын алу жоқ,
өмір мен өлім арасы – наза,
налу көп.
Бейбаққа демеу болар деп күттім рухыңды,
дендеген жанын зарығу деген ауру кеп.
Анашым, кешір!
Өзіңсіз күнім мұң екен,
өкініш толы өзекті өртер жыр – бөтен.
Құлпытасыңның алдында міне, тізерлеп,
қолдан келері – аруағыңа дұға етем.
Жалғыздық – мендік парық-тын,
айық күн асты кешіппін күйін ғаріптің.
Қайраңда қалған қайықтай қаңсып, қаусаған
көңілді арбап,
өзімді алдап жалықтым.
Анашым, кешір!
Ұмыт боп бүгін күлкісі,
әкемнің ерте таратып бергем жыртысын.
Тауым шағылып,
сағым сынғанда іздеймін,
алмасып жатыр айырмай жүрген өң-түсім.
Анашым, кешір!
Ажалдың алдын алу жоқ,
өмір мен өлім арасы – наза,
налу көп.
Бейбаққа демеу болар деп күттім рухыңды,
дендеген жанын зарығу деген ауру кеп.
Анашым, кешір!
Өзіңсіз күнім мұң екен,
өкініш толы өзекті өртер жыр – бөтен.
Құлпытасыңның алдында міне, тізерлеп,
қолдан келері – аруағыңа дұға етем.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ерлан ахмет Анашым кешір өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, ерлан ахмет Ана өлең стихи на казахском казакша олен, Ана, әке ана туралы өлеңдер, ана туралы өлең жолдары, ана туралы өлең, стихи на казахском языке в память о маме, стихи на казахском языке о матери, Анашым, кешір, Анашым кешір