Кешір Аллам, айтпасам жиі шүкір деп
Кешір Алла
Айтпасам жиі шүкір деп,
Көп өкпелеп,өмірге қылсам күпірлік
Кешір Алла
Біреуге қылсам қиянат,
Ашулансам,ойымды айтпай тиянақ
Кешір Алла
Біреуді бекер даттасам,
Ойланбастан қате қадам аттасам,
Кешір Алла
Кей-кезде ашу үстінде
Дөрекі айтып,кей адамға жақпасам
Кешір Алла
Сабырды мүлде ұмытсам,
Бақытымды шығарып алсам уыстан
Кешір Аллам
Періште емес пендемін,
Қателессем,ессіз болып сенделіп
Шүкір деген сөзді айтуға ұмытып
Жоғалттым көп,өмірдің маған бергенін.
авторы: Әсем Отарбекқы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Алла, Құдай, кешір, өлең