Әсет Найманбайұлы (Інжу-маржан)

 Әсет Найманбайұлы (Інжу-маржан)

Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдесед.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы.
Жүрегінен күңіреніп желдей есед.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай.
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай!
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман, тоғай, өзенді жамыратып.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?

Әуелетіп ал жібер Әсет әнін,
Шарықтасын, шомылтсын әнге маңын.
Аққудайын айналып айға қонып,
Аймаласын, қуансын әнші жаның.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай!
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай.
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру