Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.
Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.
Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай.
Іле деймін, ендеше, Іле деймін, жан сәулем,
Өте шықсам Іледен, міне деймін, еркем-ай.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Өз жарыңның тілеуін тіле деймін, еркем-ай.
Ай болмаса, жұлдыз бар,

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Еркем-ай /2-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Еркем-ай /2-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Еркем-ай /2-нұсқа/