Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мейірімсіз ажал)

Көңілге қайғы у салып,
Көзден жасты барлатқан,
Жүрекке жара дақ салып,
Жанды ашытып зарлатқан
Уытың күшті, ажал-ай!
Дегеніне жеткізбей,
Қайғыға ойын толтырған.
Ойдағысын еткізбей,
Бірді бірден айырған
Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай!
Көңілін жастың мұқатып,
Қайғыға ойын толтырған.
Тамырына оқ атып,
Қызыл гүлді солдырған
Түсің суық, ажал-ай!
Бақытын жастың ашқызбай,
Қапыда алдың, не түсті?
Көңілін жастың басқызбай,
Арманда алдың, не түсті?
Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!
Көзден жасты барлатқан,
Жүрекке жара дақ салып,
Жанды ашытып зарлатқан
Уытың күшті, ажал-ай!
Дегеніне жеткізбей,
Қайғыға ойын толтырған.
Ойдағысын еткізбей,
Бірді бірден айырған
Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай!
Көңілін жастың мұқатып,
Қайғыға ойын толтырған.
Тамырына оқ атып,
Қызыл гүлді солдырған
Түсің суық, ажал-ай!
Бақытын жастың ашқызбай,
Қапыда алдың, не түсті?
Көңілін жастың басқызбай,
Арманда алдың, не түсті?
Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сұлтанмахмұт торайғыров Мейірімсіз ажал өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Мейірімсіз ажал