Сырбай Мәуленов (Бұлт)
Тұрады бұлттар тұлданып,
Бір туғандай соғыспен,
Сол бұлттай түсі сұрланып,
Зулайды тынбай оқ үстен.
Жинаған жұртты намазға
Қаралы сол бір қағазға?
Түсе ме әлде ажал боп
Маңдайы күндей сабазға?
Жерді қойып көктің де,
Қойыны-қонышын толтырған.
Қорғасын ба жердегі,
Қораланып сол тұрған.
Қап бәлем, енді тұра тұр,
Қақ тіліп сені найзадай,—
Соғар бір дауыл сұрапыл,
Ойнар бір жасыл найзағай!
Бір туғандай соғыспен,
Сол бұлттай түсі сұрланып,
Зулайды тынбай оқ үстен.
Жинаған жұртты намазға
Қаралы сол бір қағазға?
Түсе ме әлде ажал боп
Маңдайы күндей сабазға?
Жерді қойып көктің де,
Қойыны-қонышын толтырған.
Қорғасын ба жердегі,
Қораланып сол тұрған.
Қап бәлем, енді тұра тұр,
Қақ тіліп сені найзадай,—
Соғар бір дауыл сұрапыл,
Ойнар бір жасыл найзағай!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Бұлт өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Бұлт