Терезеден секірген: Алматыда өрт қалай сөндірілді?


Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.

Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.

Айта кетейік, бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары қаладағы Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр,- деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадан тұрғындардың балаларды терезеден төсенішке лақтырып жатқанын көруге болады.

ТЖМ көпқабатты үйдегі тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілердің суретін жариялады.


 


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу