Жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2022 жылы іске қосылады


2022 жылы бірыңғай бастапқы жарнасы бар жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады


"Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2022 жылдан бастап жаңа "Жайлы тұрғын үй" деп талатын тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын айтты.


Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар жекелеген санаттары үшін әртүрлі болып келетін тұрғын үй бағдарламаларының шарттарына наразы болып жатады.


Атап айтқанда, қазір қазақстандықтар "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы 10% болатын 2%-дық ипотека ала алады. Ал "Шаңырақ" бағдарламасы арқылы пәтер алатындар жылдық 5%-бен несие алуға мәжбүр. Сондай-ақ кезекте тұрғандар үшін өз шарттары бар жеке бағдарлама бар. Ибрагимованың айтуынша, бұл азаматтар арасында ыңғайсыздық пен наразылық тудырады.

"Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге осы бағдарламалардың барлығын жаңартып, оларды бірдей бастапқы жарнамен - барлық жерде 10% етуді жасауды жоспарлап отырмыз. Кезекте тұрғандардың барлық санаттары тұрғын үй сертификаттарын алуға құқылы", - деп хабарлады "Отбасы банк" басшысы.


Ләззат Ибрагимова ай сайынғы табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда 60-70 мың теңгеден төмен барлық қазақстандықтар жылдық 2%-бен ипотека ала алатынын хабарлады.


Оның пікірінше, мұндай тәсіл әділ болады және барлық ниет білдірушілерге "Отбасы банкінің"тұрғын үй бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік береді.


Жаңа тұрғын үй бағдарламасының толық шарттары 2022 жылдың қаңтар айының басында жарияланады.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу