Жамбылдық оқушылар инсульт, инфарктан құтқаратын сағат жасады
Жамбылдық оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат жасады. «Екінші жүрек» деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және тағы да басқа талма аурулары бар науқастарға арналған. Ол иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда белгі береді.
Бұл ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.
Сағатқа дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялар енгізілген. Сондай-ақ, ол науқас құлап қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді.
«Науқастарға түрлі себептермен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық», - дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.
Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратпен динамикалық бақылауы жүргізілді. Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастыруда.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру