Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай?


Тіс жұлу, пломба салу, пульпит пен периодонтитті емдеу, рентгенге түсіру секілді қызметтер тегін. Бұл туралы informburo.kzжазды.


Тіс емдеу арзан тұрмайды, дегенмен Қазақстанда халықтың жекелеген санаты медициналық сақтандыру арқылы тегін стоматологиялық көмек ала алады. 

Медициналық сақтандыру арқылы халықтың жекелеген санаты шұғыл және жоспарлы түрде тісін тегін емдете алады. Бұрынғыдай тіркелген емханаға бару міндетті емес. Науқасты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келісім жасасқан кез келген стоматологиялық клиника қабылдайды.

Шұғыл көмек науқастың өміріне қауіп төндіретін кенеттен өткір аурулар туындағанда және созылмалы аурулар ушыққанда стационарда көрсетіледі. Стоматолог амбуториялық жағдайда көмек бере алмаса, науқасты жедел жәрдеммен ауруханаға жіберуге құқылы. 

Жоспарлы көмек профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде, ауру науқастың өміріне қауіп төндірмесе және шұғыл медициналық көмекті қажет етпеген кезде көрсетіледі. Мұны 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге ғана пайдалана алады. Ал шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі. Олар:

  • балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • зейнеткерлер;
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар сырқаттармен ауыратын науқастар;
  • мүгедек баланы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтушілер (жұмыссыз).

Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:

  • терапевтің қабылдауы;
  • тісті жансыздандыру және хирургиялық жолмен жұлу;
  • химиялық пломба салу;
  • абсцесстерді ашу;
  • пульпит пен периодонтитті емдеу;
  • гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;
  • еріндер мен тілдердің пластикасы;
  • рентгенография;
  • ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу