file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында «Қазақфильм» киностудиясынан киноға түсуге шақырту алды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.

Бұл туралы baistars.kz жазады.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет еткен актрисаға Қалибек Қуанышбаев жайлы киноға түсуге ұсыныс жасаған. Ғасыр жасаған Хабиба Елебекованың айтуынша, ол 100 жасында да киноға түсуге дайын екен.

«Театрға 17 жасымда келдім. Театр — менің қарашаңырағым», — дейді актриса.

Айта кетсек, Хабиба Елебекова шілде айында 100 жасқа толады. Сахна саңлағының театр сахнасында сомдаған алғашқы ролі — Қарагөз (Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде). Актрисаның ойнаған рольдерінің жалпы саны 100-ден асады.

Олардың ең көрнектілері — Мұхтар Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы» Мақпал, Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Бейімбет Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш образдары.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру