file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды

Жанар Дұғалова оқуға түсіп, магистрант атанды

Танымал әнші Жанар Дұғалова Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне магистратураға түсті деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы baq.kz тілшісіне аталған университеттің професоры Ғарифолла Есім Орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді.

"Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен Еуразия ұлттық университеті арасында байланыс бар. Өйткені, мәдениеттің тариxы, теориясы болады. Нағыз істерді министрлік атқарады. Ал біз маман даярлаймыз. "Мәдениеттану" мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды оқытамыз. Сондай-ақ PHD-доктарантура бар. Осы болашақ мамандарды Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық музейге дайындаймыз. Биыл "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураға танымал әнші Жанар Дұғалова түсті", - деген Ғарифолла Есім факультет тынысымен таныстыра келе.

Естеріңізге салсақ, былтыр бұл университеттің дәл "Мәдениеттану" мамандығына белгілі қазақ әншісі Қайрат Нұртас та түсіп, магистрант атанған болатын.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру