Қайрат Нұртас ЕҰУ-де шығармашылық кешін өткізді (ФОТО)

Қайрат Нұртас ЕҰУ-де шығармашылық кешін өткізді (ФОТО)

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 15 сәуір «Ғашықтар күніне» арнап Қайрат Нұртас университет студенттеріне концерттік бағдарламасын ұсынды, - деп хабарлайды baq.kz тілшісі.



Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың бастамасымен жастар арасында 2010 жылдан бастап ғашықтар күні ретінде тойланып келе жатқан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күнінің кеңінен таралуы мақсатында өткізілген бұл концерт университет студенттері үшін үлкен сыйлық болды.
Концерттің негізгі ұйымдастырушылары – Еуразия ұлттық университетінің түлектер ассоциациясы болып табылады. Кешті тамашалауға студенттермен қатар Жандарбек Мәлібеков, Дихан Қамзабекұлы сынды ел зиялылары, оқытушылар және Астана қаласының тұрғындары да жиналды.

Ғашықтар күнінің аясында өткізіліп жатқан концертін махаббатты жырлаған әндерінен бастаған Қайрат Нұртас жастарды атаулы күнмен құттықтап, екі сағат бойы әнмен шашу шашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концерттің ортасында Қайрат Нұртас «Орда» тобының белді мүшесі Дастан Оразбековтің де студенттерді «Ғашықтар күнімен» құттықтауға келгендігін айтып сахнаға шақырды.
 

Ол өзінің танымал әндерімен қатар, жаңа «Билеші» әнімен тыңдармандарын бір қуантты.

Ал Қайраттың әкесі Нұртас ғашықтар мерекесіне арнайы тыңдармандарға «Көріктім» атты әнін орындап берді.

 

 

 

 

Ал Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова сахнаға Қайраттың әнін айтқан, өлең шумақтарын арнаған балаларға «Қайрат Нұртас» журналын, ән жинақтарын сыйлыққа үлестіріп берді.

 

 

 

 

Университет жастарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлаған Қайраттың концерті жұртшылықтың сұрауы бойынша «Ауырмайды жүрек» әнімен аяқталды.

 

Айта кету керек, университетте белгілі әншілердің шығармашылық кешін өткізу – ЖОО-ларда бұрын соңды болмаған үрдіс. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша ЕҰУ-де алғашқы болып басталған дәстүр алдағы уақытта жалғасын тауып, Қайрат Нұртастан басқа да танымал жұлдыздармен байланыс орнатылатын болады.

 

 

Айнұр РАКИШЕВА, Ғабит МАДАЛИЕВ

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру