Жиналыс кезінде іші пысып, интернеттен көйлек іздеген шенеунік өз қылығы үшін кешірім сұрады (фото)

Жиналыс кезінде іші пысып, интернеттен көйлек іздеген шенеунік өз қылығы үшін кешірім сұрады (фото)

Ақтөбеде жиналыс кезінде интернеттен көйлек қарап отырған шенеунік өз әрекетін түсіндірді деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

Қалалық мәслихат жиынында іші пысқан шенеунік Блогадар селолық округы әкімінің орынбасары Әлия Жұмағұлова болып шықты.

“WhatsApp-тан хабарлама оқып отырғанымда, жарнама басылып кетті”, – деп ақталды шенеунік.

Жиналыс кезінде іші пысып, интернеттен көйлек іздеген шенеунік өз қылығы үшін кешірім сұрады (фото)


Жиынға әкімнің орнына жиі келетін шенеунік сол күні WhatsApp-та отырғанын мойындады.

“Мен өз кінәмді мойындаймын. Телефонды мүлде өшіріп тастауым керек еді. Байқаусызда жарнама қосылып кетті. Телефонға WhatsApp-тан келген хабарларды тез-тез қарап жатқанымда жарнама басылып кетті. Көйлектерді қарап отырғаным БАҚ назарына іліккенін көргенде қатты қиналдым. Не істерімді білмедім, мені кешіріңіздерші”,- дейді Блогадар селолық округы әкімінің орынбасары Әлия Жұмағұлова.




Шенеунік ханым 12 жылдан бері мемлекеттік қызметте жүргенін айтты. Селолық округке әкімнің орынбасары болғанына 2 жыл толған.

“Үш балам бар, жолдасым жұмыссыз” деп отбасылық жағдайын да жайып салған шенеунік басшылардың түсіністікпен қарауын сұрайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру