Қадір түні қашан болады 2023 жылы: қалай және не істеу керек?
2023 жылы Қадір түні сәуір айына сәйкес келеді. Барша мұсылмандар асыға күтетін қасиетті түнде дұға етіп, Алладан кешірім тілейді.
2023 жылы сәуірдің 17-нен 18-на қараған түні Қадір түні болады. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.
Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.
Пайдалы сілтемелер:
Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі.
Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал.
Қадір түнінің қандай белгілері бар?
Хадистерде бұл түн жанға жайлы, тыныш болатыны айтылады. Ауа температурасы қатты суық, не қатты ыстық болмайды. Аспанда жарық ай көрінеді.
Қадыр түнінде не істеу керек?
Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн. Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - қадыр түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.
Қадір түнінде не істемеу керек?
- Зиян нәрселерден аулақ болған жөн.
- Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге болмайды. Мысалы, ішімдік ішуге болмайды.
- Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.
- Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн.
- Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.
- Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.
Қадыр түнін қайда өткізуге болады?
Бұл түнді үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады. Қадыр түнінде намаз, Құран оқылады. Сонымен қатар, болашаққа жоспарлар құрылады, өткен істері үшін кешірім сұралады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру