2022 жылы Құрбан айт мерекесі қай күні тойланады


Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес 2022 жылы Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында жалғасады. 


Құрбан айт мерекесі Ораза айтынан кейін дәл 70 күннен соң келеді. Ол араб тілінен аударғанда "жақындау" деген мағынаны береді, яғни мұсылмандар сауап жасай отырып, Аллаға жақындай түседі. 


Құрбан айт мерекесінде тек құрбандық шалынып қоймайды. Бұл кезде ішкі ниет пен пейіл, дінге деген беріктік пен өзгелерге жанашырлығы таразыға түседі. Жалпылай алғанда адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттері сарапқа салынады. 


Құрбандық шалу кезінде малды өз қолымен бауыздаған жөн. Егер бауыздай алмаған жағдайда қасапшының жанында болып, өз көзімен көруі керек. 


Құрбандыққа төрт түліктің еркегі мен ұрғашысы да жарай береді. Қой мен ешкі төлі бір жастан асқаны жөн. Алайда алты айлық қозы болса да, ірі, бір жастағы қоймен бірдей болса, құрбандыққа шалуға болады. Егер сиыр шалынса, жасы екіден, түйе болса, бес жастан асуы қажет. Сонымен қатар малдың дені сау, барлық мүшелері түгел болуы міндетті. 


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу