file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді

"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің айналасында сөздер таусылар емес. Желі қолданушылары "КешYOU" тобынан түлеп ұшқан әншіге "тоқал" екенін әлі де бетіне басып, сынап жатыр. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерінен мезі болған өнер иесі оларға желі арқылы жауап берді деп жазады NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.




Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін орынсыз сөгіп жатқан халықты орнына қойған.

Айқынның екінші жары өзін тоқал деп атау не себепті қате екенін түсіндіріп өткен.

"Бәрі тоқал, тоқал дейді. Айтайын, тоқал деген: егер сенің күйеуің бірінші әйелімен тұрып, сол уақытта сенімен де отбасын құрса, тоқалсың. Ал егер жолдасың ол жақпен ажырасса, қарым-қатынасын үзіп саған үйленген жағдайда ол тоқал деп саналмайды.

Сондықтан кішкене көзді ашыңыздар. Мен тоқалы емес, заңды түрде әйелімін. Ондай сөздерді айтпай-ақ қойыңыздар", - деді ол.

Айта кетейік, карантин уақытында бірқатар өнер иелері екінші мәрте тұрмысқа шығып жатыр. Бірінші болып қуанышты жаңалығымен Мөлдір Әуелбекова бөлісті. Әнші екі дүркін орамалды болғанын қалың жұртқа өзі хабарлады.

Оның артынан бірер күн өткен соң, Алтынай Жорабаева да тағы да келін атанғалы жатқанын жеткізді. Ол бұл шешімді қыздарымен ақылдаса келе қабылдағанын айтты.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру